Ақтөбе облысы: Сазды мектебінің “Жас ұлан” үрмелі аспаптар оркестрі үздік атанды

«Атадан мұра» қоғамдық қорының бастамасымен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз!» шығармашылық байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Сазды орта мектебінің «Жас Ұлан» үрмелі аспаптар оркестрі бас жүлдені жеңіп алды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл байқауға үздік шәкірттер дайындағаны үшін Абыл Смаилов «Үздік ұстаз» төсбелгісімен және арнайы алғыс хатпен марапатталды. Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген «Жас Ұлан» оркестрі «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасының «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасында қонақта болып, жетістіктері мен жарыс туралы сұхбат берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий