Оқырман ойы: Болмысы бөлек басылым

«Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет те сондай керек екені айдан анық. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы керең, тілі мақау, көзі соқыр секілді екені де баршамызға аян. Дүниеде не болып жатқанын көру, не сөйленіп жатқанын есту, өз пікірін айту мүмкіндігі болмайды.

Бүтін дүние жүзіндегі халықтар телеграмм, телефон, пошталардың арқасында бір-бірімен хабарласып, газет арқылы жұртқа жайып, бір үйдегі адамдардай сөйлесіп отыр. Әрине, бұл да уақыт үнемдеуге орасан зор пайдасы бар, бірақ, дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер – кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтанып тұрады, – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше.

Осы орайда, бізге көмекке келетін қазақ менталитетінде тәрбиенің бастауы болған ұлағатты сөздерді, нақыл сөздерді, мақал – мәтелдерді газет беттерінен көргенде еліміздің болашағы осындай рухани байлықтармен толығып, әрбір жанның сана сезіміне түрткі болар ойлардың көрінісін еліміздің білім саласындағы шоқтығы биік басылымдардың бірі  «Білімді ел – Образованная страна» апталығынан таба алатынымыз көңіл қуантады.

Өз білімін үнемі жетілдіріп, көп оқып, жаңалық пен инновацияға жақын болғанда ғана біздер ұстаздар «Ұстаз» деген атқа лайық болмақпыз. Ұстаздар қауымының жаңалықтарының жаршысы болып отырған салалық газеттің редакциялық ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. Ойлы оқырмандар шоғыры көп болсын! Еліміздің білім саласы өсіп – өркендей берсін!

Жамал Нұратайқызы НҰРЛЫБАЕВА,
К. Ушинский атындағы №7 орта мектептің
директоры, Алматы  облысы, Талдықорған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий