Балдәуренде жас суретшілер мен көркемөнер шеберлерінің ауысымы басталды

«Көркемөнер, қолөнер, суретші, мүсінші, қыш-құмыра шебері» атты терминдер өзіне әсемдік пен өнерді ұштастырған керемет мамандықтарды құрайтыны сөзсіз. Адамзат тарихының дамуына көз жүргіртсек, әлем мәдениеті болсын, қазақтың этникалық мәдениеті болсын барлығы да: биік ғиматтар мен қайталанбас тұлғалар қолынан шыққан картиналар, құмыралар мен мүсін жұмыстары жоғары бағаланғандығын байқауға болады.

«Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді — көркем өнер мен ғылым» деген Максим Горькийдің сөзін ескерсек, көркем өнердің адам өміріндегі маңызы зор екендігін ұғынамыз. Әлемнің 7 кереметі бұл сөзге дәлел десек қателеспеспіз. Тарихты да, өнерді де, аңыз бен ертегіні де өзіне қосқан көркем өнер философияның бір бағыты. Себебі, бізге тарихтың тамырлы тереңдігін көрсететін Арыстан баб, Ахмет Яссауи, Айша бибі кесенелері, сұлулықтың бейнесін көрсететін Жанна д’Арк портреті, тіпті қарапайым үйдің сәнін келтіретін қазақи нақыштағы ою-өрнектелген кілемдер мен көрпе-жастықтар бұның дәлелі.

Еліміздің рәмізі Тудағы ою-өрнекте көркем өнердің маңызын паш етіп тұрғанындай. Көркем өнердің кереметі бойға даритын талант, және қазіргі жастарымызда сол дарынның озық болуы бізді қуантады. Әлемге елімізді сан қырынан көрсететін өнерлі ұландарымыз бен аруларымыздың тәрбиесін мектептен қолға алсақ, бағындырар асуымыз көп болары анық.  Осы орайда, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Handmade» жас суретшілер мен сәндік-қолтанбалық көркемөнер галереясы атты ауысым өтуде.

Ауысым қатысушылары – көркем өнер шеберлері. Ауысым барысында балаларға қызықты іс-шаралар, танымдық маршруттық ойындар, зияткерлік жарыс ойындары өткізілді. 20 күн ішінде тек сауығу ғана емес, оқушылардың тәрбиесі мен білімі де басты қолға алынған.  Тәрбиелік мақсаттағы қызықты іс-шараларды атап айтсақ: орталығымыз орналасқан Жетісу аумағының тарихын таныстыратын «Жерұйық мекен Жетісу» атты бекет бойынша ойын, «Мақал сөздің мәйегі» патриоттық интеллектуалды ойыны, мектеп қабырғасында өтетін түрлі сынып сағаттары.

«Жерұйық мекен Жетісу» бекет бойынша ойынының негізгі идеясы  оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,  туған өлкенің тарихы мен табиғатын, Қазақ хандығының ту тіккен мекенін, хандықтың құрылуы кезеңін көрсету, өткені мен ертеңін байланысын түсіндіру болып табылады. Ойын барысы квест тапсырмалары түрінде өтіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қоса, қызметкерлер арасында «Алтын күз» атты күзгі жапырақтар мен көкеністерден түрлі заттар жасалынып, көрмеге қойылды.

Өскелең ұрпақты сегіз қырлы етіп тәрбиелеу еліміздің барлық білім беру ұйымдары үшін міндет деп түсінеміз, және осы жолда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметкерлері де аянбай еңбек етуде. Балдәурен – Балдәуренде демалған әр баланың жүрегінде тек ыстық және қайталанбас, ұмытылмас сезімдер қалдырды деген сенімдеміз.     

Бауыржан БАКИДЖАНОВ,
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру
орталығының 
физика пәні мұғалімі,
Алматы облысының Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий