Ақмола облысы: “Елбасы медалі” бағдарламасының қатысушыларына марапаттар табысталды

Біздің аймақтың «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушыларына медальдар табысталды. Марапаттар күміс және қола деңгейдегі 29 қатысушыға берілді. Медальдарды табыстау рәсімі жүлдегерлердің тұрғылықты жері бойынша барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстағы алғашқы күміс медальді № 1 П. Исаков атындағы Ақкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гайворонская Надежда иеленді. Гайворонская Надежда 12 ай бойы күміс деңгейдегі бағдарламаны орындап, лайықты медаль алды. “Бағдарламаға қатыса отырып, жастар өз уақыттарын басқаруға, мақсаттар қоюға, оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді”, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

2020-2021 жылдары Ақмола облысының 122 қатысушысы қола медальға ие болса, бір қатысушы күміс медальмен марапатталды. «Елбасы медалі» жобасына қатысуға қабылдау жалғасуда! Деңгейді таңдап «Елбасы медалі» жобасымен бірге көшбасшылардың жаңа буынына қосыл! Айта кетейік, «Елбасы медалі» – елдің ең ауқымды challenge болып табылады. Қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады.

Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейлерін таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарламаны бастауы керек. Осы уақыт ішінде жастар өз дағдыларын 7 бағытта дамытады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий