Батыс Қазақстан облысы: Жетекші мектептің жоғары жетістігі

Аймақтың солтүстігінде орналасып, 1939 жылы Камен ауданын екіге бөлу нәтижесінде құрылған, аумағы Ақжайық, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарымен және Ресейдің Саратов (Озинки, Перелюб), Самара, Орынбор (Первомай, Ташла) облыстарымен шектесіп, ауыл шаруашылық саласы мен инфрақұрылымы қарыштап дамыған жасыл өлке Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылындағы Ақ Жайық арынынан арқау алған дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2007 жылы салынып, 2008 жылдың 4 қаңтарында жұмысын бастады.

Сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында «мұғалім, оқушы, ата-ана» үштағанының бірлескен жұмысы 13 жылдық тарихымыздың жарқын беттерін ақтаруға мүмкіндік береді. Мектебіміздің дамып-өркендеуіне жан аймай қызмет етіп, тырнақ алды жетістіктеріне жетелей білген, алғашқы мектеп директоры, жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Рахметоллақызы зейнеткер-ұстаздар сапын бастайды. 2009 жылы алғаш рет мектептің веб-сайты құрылуы, 2010 жылы “Әр мектепте мұражай” акциясы бойынша Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай осы мектеп музейінің ашылуы, 2011 жылы мектептің  “Ақ жол” жас инспекторлар тобының облыстық кезеңнен өтіп, республикалық сайысқа жолдама алуы, 2012 жылы облыстық “Үздік абаттандырылған мектеп ауласы” байқауында І орынды иеленуі тікелей білікті басшыға байланысты деп есептейміз. 

Бейнетінің зейнетін көріп, талай шәкірттеріне өмірлік жолында қанат бітірген бірінші санатты  математика пәнінің мұғалімі Үсенова Сәуле Жұмабайқызын, бірінші санатты  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қалешева Зәуреш Құспанқызын,  бірінші санатты  биология пәнінің мұғалімі Шалабаева Зоя Құспанқызын,  жоғары санатты  бастауыш сынып мұғалімі Кенжалиева Ақылтай Абатқызын, бірінші санатты  бастауыш сынып мұғалімі Мұқанғалиева Жаңыл Төлеуқызын ерекше құрмет тұтамыз.

Мектептің стратегиялық дамуына 2012 жылдан басымдық беріп, табысты менеджер ретінде мектеп басшыларының деңгейлі курсынан өткен мектеп директоры Роза Төлеуқызының басшылығымен мектебіміз 2013 жылы облыстық «Туған өлке» ауданаралық онлайн турнирінде мектеп құрамасы жылдың абсолютті чемпионы атанды, 2015 жылы ҚР Ассамблеясының құрылуының 20 жылдығына орай мектепте «Парасат» достық клубы ашылды, «Ауылдық мектептің цифрлік бейнесі» облыстық байқауына қатысып, «Таңдаулы жаңа типтегі ауылдық мектеп»  аталымына ие болды.

2016 жылы ауданымызда өлкетану жұмысына белсенді қатысқаны үшін Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55  жылдығына орай “Хрустальды шоқыр” жүлдесіне ие болды, Аудандық “Үздік орта мектеп” байқауынан ІІІ, 2018 жылы аудандық «Туған өлке» сайысында ІІ орындарды иеленді. 2018 жылдың 18 қаңтарында жергілікті демеушілердің қолдауымен мектеп ауласына Қ.Аманжоловқа мүсін орнатылды. 2021 жылы аудандық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпазы.

«Білім мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» мақсатында құрылған «Самғау» желілік қоғамдастығының жұмыс жоспарына сәйкес жетекші Қасым Аманжолов мектебі мен серіктес Новенький, Киров, Зеленый, Белес мектептерінің әдістемелік өзара қолдау, оқу-тәрбие жұмысындағы кедергілерді бірге еңсеру бағытындағы шаралары жүзеге асырылып келеді. Орта білім беруге жаңа мазмұнын ендіру бойынша Жетекші мектеп – кәсіби желілік қоғамдастық құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, кәсіби желіні ұйымдастырушы ретінде бекітілген аймақ мектебі.

Осы ретте қоғамдастықтың жұмысы аймақтық «Үздік жетекші мектеп-2020» байқауында жоғары бағаланып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстаз мерейі шәкіртінің жетістігінде десек, құқық пәнінен аудандық олимпиада жүлдегері, заң ғылымдарының магистрі Әбу Әділетті, ерекше үлгідегі аттестат иегері, орыс тілінен аудандық олимпиада жүлдегері Измуханова Салтанатты,  экология бағытындағы республикалық сайыстар жүлдегері Бағдаулетова Әсемді, спорттық бағдарлау бойынша Гонконгта өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері Иргусаева Наргизаны, Гір спортынан республикалық сайыстардың жүлдегері, қазіргі күні Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде грант негізінде оқып жатқан Төлеуов Расулды, үздік аттестат иегері қазақ тілі олимпиадасының жүлдегері, түрлі байқалар жеңімпазы Силыбаева Назеркені, «Алтын белгі» иегерлері Тынышбаева Гүлжайнаны, Кужумова Дильназды, Сатыбалдиев Аңсарды, Таджимурадов Бахтыбайды және біздің барлық мектеп түлектерін мақтан тұтамыз.

Журналист Ермек Балташұлы 2011 жылы Қарағандыда өткен «Қасым Аманжолов және жаңа дәуір поэзиясы» ғылыми-практикалық конференциясына дейін мектебіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, «Ақынның Ақжайықта ізі қалған» баяндамасында «Бүкіл Қарағанды облысында Переметный кентіндегідей Қасым атын иеленген мектеп жоқ екен» деп жоғары баға берген.

Қасым Аманжолов атындағы
жалпы орта білім беретін мектептің
ұжымы, Батыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий