Оқырман ойы: Білімділік басылымымен біргеміз

 «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газеті  қазіргі таңда  еліміздегі  мұғалім мәртебесін көтеруге үлкен үлесін  қосуда. Басылымның білім беру жүйесін реформалау мәселелерін  позитивті, теңгерімді түрде қамтитыны, еліміздің үздік педагогтерінің  инновациялық тәжірибесін насихаттауы, оқырмандарын диалог пен ынтымақтастыққа тартқаны ерекше  ұнайды. 

Осы орайда, ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының: «Газета – жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газета арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады”, – деген сөздерінің астарында қаншама мән-мағына барын анық түсінеміз. Бұл басылымның әрдайым халыққа қызмет етеді.   Сондықтан да  салалық апталықтың міндеті – білімнен бастау алған озық өзгерістердің объективті ақпарат көзі болу екенін аңғару қиын емес. 

Сіздердің газет мұғалімдерді, жұртшылықты білім берудің өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге, білім беру миссиясын еліміздің болашағына деген сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен орындауға ынталандыратыны ерекше қуантады. Редакция ұжымына үлкен алғысымды білдіріп, шығармашылық шабыт тілеп, жаңа бастамаларыңыз жүзеге асуын және мықты тілеймін!

Зухра УСЕНБАЕВА, Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясыныңи қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы

                           

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий