Мектеп кітапханасы жаңа туындылармен толықты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Ауылыма – кітап» акциясы жалғасуда. Биылғы оқу жылында аталған сыйлықты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі жасады. «Ауылыма – кітап» республикалық қайырымдылық акциясы аясында біздің білім ордасындағы кітапханаға 9 дана көркем әдебиет сыйлады.

Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге, – деп ғұлама хакім Абай Құнанбайұлы айтқандай, «Білімнің қайнар бұлағы – кітап». Акция аясында ауыл мектептерінің кітапхана қоры аз да болса көркем әдебиеттермен толықты. «Кітап – ең жақсы сыйлық» дей отырып, демеушілік көрсеткендерге айтар алғысымыз шексіз!

Орынбасар ТЛЕУМОВА,
Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің
кітапхана меңгерушісі, Павлодар облысы, Май ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий