Білікті басшымен биіктерді бағындырудамыз

Ақсай қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі 2010 жылы ашылды, 2019 жылы мектепте лицейлік сыныптар ашылып, мектеп Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі болып қайта құрылды. Мектеп-лицей басшысы Султанова  Кунслу Макуновна аталған білім беру ұйымы ашылған сәттен бастап басшылық етіп келеді. Мектеп-лицейінде 45 оқу кабинеті, 50 орындық оқу залы бар кітапхана, мәжіліс залы, 2 «Өзін-өзі тану» кабинеті, 4 шеберхана, интернет клуб, 2 информатика кабинеті, 2 лингафон, 1 мультимедия, биология және химия кабинеттері, 2 спортзал, хореография залы, ән-күй кабинеті, тир, 324 орындық асхана жұмыс жасайды.

Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қамтамасыз ету мақсатында 112 компьютермен және 214 планшетпен жабдықталған. Мектеп 100% кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етілген. 8 кабинет интербелсенді тақтамен, 40 кабинетте проектор орнатылған. Аталған білім ошағындағы 1 компьютерге шаққандағы оқушы саны – 4. Сонымен қатар мектеп 100% бейнекамералармен және жылы дәретханамен қамтамасыз етілген.

Жылма-жыл мектеп-лицейінің түлектері «Алтын белгі» және Үздік аттестат иегерлері атануда. 2016-2017 оқу жылы «Алтын белгі» аттестатының иегері– 3 түлек, 2018-2019 оқу жылы – 4 түлек, Үздік аттестат  иегерлері 2019-2020 оқу жылында – 4 түлек, 2020-2021 оқу жылында «Алтын белгі» аттестатының иегері   – 6  және Үздік аттестат  иегері – 3 түлек. Жыл сайын мектеп оқушылары облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болуда.

Мектепте 131 педагог қызмет атқарып келеді, мектеп-лицей педагогтері аудандық сараптама жұмыстарына қатысып, озық іс-тәжірибе алмасып отырады. Мақтанышпен айта кететін жайт, 2020 жылы мектеп-лицей облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауында бас жүлдені иеленіп, 34 миллион қаржы көлеміндегі грантқа ие болып, мектеп-лицейдің материалдық-техникалық базасын нығайтты. 2021 жылы мектеп-лицейге заманауи талаптарға сай стэм-зертхана, физика, химия кабинеттері алынды.

2020 жылдың 15 желтоқсанында мектеп-лицейде қазақ халқының этнографиясына арналған музей ашылды. Мектеп-лицей музейінде 200-ге жуық тарихи экспонат бар. Музей 6 бөлімнен тұрады. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, әр мұғалімнің еңбегі әрқашан өзінің істеген еңбегімен бағаланады. Жас жеткіншектер мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білім нәрімен сусынданады. Мектебімізде жыл сайын «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерінің түлеп ұшуы ұстаздардың ерен еңбегі деп білемін.

ҰБТ қорытындысы бойынша бірнеше жыл қатарынан мектеп-лицей облыстың үздік 20 білім беру ұйымының қатарына еніп, жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Кунслу Макуновна басқаратын мектеп-лицей оқушыларының басым көпшілігі жоғары балл жинап, мемлекеттік грант иегерлері атанып келеді. 2021 жылы 68 түлектің 34 мемлекеттік грант иегері атанды. Білім беру ісінің Құрметті қызметкері тарих пәні мұғалімі Абдрахманова Алла Сагиндыковна, ҚР БжҒ министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатына» ие болған педагогтар саны – 8; Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған педагог саны – 10.

Халықаралық жетістіктерге тоқталып өтсек: С.Сарсенова – І орын, 2020 жыл, 30 қазан Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада (жетекшісі – Тулеуова Акмарал Кабиевна); А.Сарсенбаева – III орын, 2020 жыл, 30 қазан Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада (жетекшісі – Тургунбаева Сания Садыковна); З.Едлиева – III орын, 2020 жыл, 30 қазан Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада (жетекшісі – Тургунбаева Сания Садыковна); Ш.Доскалиева – III орын, 2020 жыл, 30 қазан Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада (жетекшісі – Тургунбаева Сания Садыковна).

И.Сарсенов – Түркияның Анталия қаласында өткен ХІІ Халықаралық пәндер олимпиадасынан ІІІ орын, (жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султанова Кунслу Макуновна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Таубаева Айгул Нургазиевна). Білікті басшы Кунслу Макуновна оқушылар мен ұстаздардан сапалы білім мен біліктілікті ғана емес, сондай-ақ ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты талап етеді, осындай еңбектің арқасында басқарып отырған мектеп ұжымы аудан және облыс көлемінде  үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді.

Дания Абаевна АКБАСОВА,
№6 мектеп-лицейдің педагог
ұйымдастырушысы, 
Батыс Қазақстан
облысының Ақсай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий