Ұлттық спорт пен туризм ұғымы

Әр халықтың мықтылығы мен тектiлiгiн, мәдениетi мен мiнез-құлқын танытатын ұлттық ойындар болатыны белгiлi. Соның iшiнде жалпы ережесi қалыптасып, жарыс күнтiзбесiне енiп, спорт түрiне айналғандары қаншама. Жалпы қазақ ұлттық спортының бүгiнгi келбетi қандай? Негiзi қазақ халқында ел арасына кеңiнен тараған 200-ден астам ойындар бар. Оның көбiнiң қазiргi күнi мүшкiл. Тiптi құрып кетудiң алдында. Тек, iшiнде кейбiрi ғана ұлттық спорт түрiне айналып, дамып келедi. Олардың қатарына қазақша күрес, тоғызқұмалақ, көкпар секiлдi ойындарды жатқызуға болар.

Қазақша күрес. Бұл – ұлттық ойындардың iшiндегi ең қарқынды дамыған көшбасшы түрi. Бұлай сөйлеуiмiздiң себебi де жоқ емес. Өйткенi, қазақ күресiнен бүгiнгi күнге дейiн 4 рет Азия, 1 рет Еуропа, 2 рет Әлем бiрiншiлiгi өттi. Дүниежүзiлiк қазақша күрес федерациясының атқарып жатқан жұмыстары да ұшан-теңiз. Федерация басшысы Серiк Төкеев осы спорттың барынша дамып, әлемдiк деңгейге көтерiлуi үшiн игiлiктi шаралар атқарып жатыр. Орск қаласында өткен әлем бiрiншiлiгiне 20-дан астам елден 72 балуан келiп қатысты.

Оның iшiнде Еуропаның белдi мемлекеттерi Грекия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Швеция секiлдi елдердiң спортшылары да бар. Сол додаға қатысқан немiс спортшысы Доринг Холгер қазақша күрестi жақсы көргенi соншалық, өз жерiнде осы спорт түрiнен үйiрме ашып, немiс балаларын қазақ спортына тәрбиелеп жатқан көрiнедi. Холгер сияқты азаматтарға қолдау көрсетiп, қазақша күрестi жер-жерлерде насихаттасақ, түптiң-түбiнде ұлттық спортымыз Олимпиада ойындарына кiрер ме едi деген ой келедi кейде.

Тоғызқұмалақ. Ұлттық спортымыздың iшiндегi шоқтығы биiк, қалыптасып орныққан спорт түрi, бұл – тоғызқұмалақ. Бұл спорт түрi – әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, түркiтектес халықтардың рухани, логикалық ойлау өнерi. Негiзiнен тоғызқұмалақты жақсы қолға алып, дамытып жатқан Қазақстан мен Қырғызстан федерациялары. Қазақстан спортшылары Қырғызстанның ашық бiрiншiлiгiнiң тұрақты жеңiмпаздары десек өтiрiк емес. Қазақстан федерациясының басшысы Әлихан Бәйменовтың тiкелей қолдауымен Еуропада, Америкада тоғызқұмалақты насихаттап, түрлi жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Және бұл ойын интеллектуалды ойындардың қатарына енiп, бүгiнде Лондондағы олимпиадада тоғызқұмалақтан турнирлер өтедi. Сондай-ақ, ұлттық спортымызды ұлықтап жүрген испаниялық Дэвид Котин, американдық Баутиста Роха секiлдi тұлғалар да осы өнердi дамытуға атсалысып жүр. Ал бiрақ елiмiздегi жағдайға келсек, әлi де тоғызқұмалақтың дамуында кедергiлер кездесуде. Жай ғана тоғызқұмалақ тақтасының өзiн табу iздегенге қиынға соғады. Сонымен қатар, осы ойынның компьютерлiк бағдарламасы жоқ. Тоғызқұмалақ туралы, оның ережесi жайында толыққанды кiтаптар да жоқтың қасы.

Көкпар. Ерте заманда қой баққан қазақ халқы үшiн қасқырдан асқан жау жоқ-тұғын. Сол кездегi жiгiттерi де қасқыр аулап, оның басын ру басшысына тарту ететiн. Ал қалған тұлыбын жiгiттер өз ауылдарына алып қайту үшiн таласып, ойын қылады екен. Мiне, содан бұл ойынды “көк бөрi” дескен. Кейiнiрек қасқырдың орнына ешкiнi пайдаланып, ұлттық ойынға айналған. Ал сол көкпар ойыны қазiр елiмiзде аса қатты дами қойды дегенiмiз күпiрлiк. Негiзiнен, Оңтүстiк аудандарда ғана қалыптасқан бұл ойыннан бiрiншiлiктер, түрлi жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Тоғызқұмалақ секiлдi көкпарда да қазақ спортшылары қырғыз елiнiң турнирлерiне үзбей қатысып, етене араласып отырады. Бұл жерде көкпарға аса назар аударып, ұлттық спортты бей-жай қалдырмай, онымен үзбей айналысып тұратын Жамбыл облысында кеңiнен тарағанын айта кеткен жөн. 2003-жылдан бастап Тараз қаласының маңында “Көкбөрi” спорт клубы ашылды. Онда тек қана көкпар ғана емес, сонымен қатар ұлттық спорттың бiрнеше түрi де қамтылған. Клуб директоры Нұрдәулет Момынов деген азамат өзi осы спорттың үлкен жанашыры.

Сондықтан болар, Жамбыл облысының көкпар командасы жыл сайынғы Қазақстан бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары. Туризм – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру және тағы да басқа) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипеджәне бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқада түрлері жатады.

Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысынд  көлік түрлерін тайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады. Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні. Туризм – бұл қоғамның белгілі бір санатының өмір салты, тұлғаның рухани және физикалық дамуының тиімді құралы, отанға деген сүйіспеншілікті және табиғатқа деген нәзік қарым-қатынас тәрбиесі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік болып табылады. Туризмнің дамуы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.

Туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады: туристік рекреациялық ресурстар; өңірдегі инфрақұрылымның дамуы; білікті кадрлардың болуы; туризмді мемлкеттік деңгейдегі қолдау; демографиялық және әлеуметтік факторлар; тәуекел факторлары; саяси және экономикалық факторлар; ғылыми-техникалық үрдістің, салттардың болуы және тағы да басқалар. Туризм дегеніміз  өзінің бойында табиғи-ғылыми (онымен айналысқанда денені сауықтыруды негізге алатын), ғылыми-әдістемелік (туристік топтарда жетекшілікке алынатын педагогикалық  процесс сабағының негізі), ұйымдастыру-басқару (басқару, кадр және материалдық базасы), бағдарламалық нормативті негіздемелерді (туристік жұмыстың бағытын, сипатын және мазмұнын анықтайды) компонент ретінде жинақтаған шаралар жүйесі.

Спорттық-сауықтыру туризмі – дара және әлеуметтік бағыты бар сала, қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір салты; тұлғаның рухани және физикалық дамуындағы, табиғатқа деген  нәзік сезіміндегі,  халықтар мен ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; халықтардың  мәдениетімен, өмірімен, тарихымен, салттарымен танысуға негізделген «халықтық демократияның» формасы; әр ұлтқа тән халық шығармашылығын, барлық әлеуметтік демографиялық топтардың, мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін сипаттайтын көрнекті демалыс түрі.

Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм. Жас мөлшері және әлеуметтік жағдайы бойынша спорттық сауықтыру туризмі үлкен, студенттік (жастар), балалар мен жасөспірімдер, жас аралас, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған туризм деп бөлінеді. Спорттық сауықтыру туризмі азаматтардың қоғамдық қозғалысы ретінде  түсетін түсімді есептемейді және ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған спорттық туризмнен тұрады.

Спорттық-сауықтыру туризмі өзінің мақсаты бойынша спорттық, танымдық, оқу, зерттеу, экологиялық бағыттарға бөлінеді және оларды біріктіреді. Спорттық-сауықтыру туризмі шаралар түрі бойынша: саяхат, спорттық серуендер, жарыстар, слеттер, экспедициялар, экстремалды спорт турлары, спорттық туризм гидтері мен нұсқаушыларын дайындайтын спорттық туристік мектептерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде өзінің мақсаттарын жүзеге асырады.

Спорттық-сауықтыру туризмінің материалдық техникалық қорын  құру дегеніміз туристік жабдықтар, техникалық және басқа қозғалыс құралдары, туристік полигондар, туристік базалар, жас туристер станциясы және туристік клубтар болып табылады. Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед және бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқа да түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысында көлік түрлерін пайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады.

Соңғы жылдарда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізілуде.  Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру  болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциалық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Лаура Ерланкызы КАДЫРОВА,
“Балдәурен” РОСО филиалының спорт
нұсқаушысы, 
Түркістан облысы, Төлеби ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий