Үздік портфолио бағытында арнайы онлайн байқау ұйымдастырылды

Аймағымызда алғаш рет мектептегі өзін-өзі басқару арасында үздік портфолио бағытында арнайы онлайн-байқау «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының бастамасымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Іс-шара мектептің өзін-өзі басқару қызметін жандандыруға, өзін-өзі басқарудың белсенді көшбасшыларын анықтауға бағытталған. Байқауға облысымыздың сегіз ауданы (Аршалы, Сандықтау, Қорғалжын, Ақкөл, Бұланды, Біржан сал, Бурабай, Есіл) мен 2 қаласынан (Көкшетау, Степногорск) жалпы саны 27 мектептегі өзін-өзі басқарулар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі мектептегі өзін-өзі басқарулар иеленді. Бірінші орын – Есіл ауданы, №3 ЖББМ, Шәкір Таңжар; екінші орын – Бурабай ауданы, Ақылбай ауылының ЖББМ, Швинд Карина; Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназиясы, Кусайынова Аяжан.

Үш үшінші орын – Сандықтау ауданы, Новоникольск ауылының ЖББМ, Сергеева Татьяна; Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылының ЖББМ, Нуржанова Диана; Біржан сал ауданы, Үлгі ауылының ЖББМ, Алдаберген Нағашыбек. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Айта кетейік, бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, өскелең ұрпақты, тәуелсіз мемлекеттің игілігі болып табылатын қоғам мүшелерін тәрбиелеу.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий