«Science faсtory» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Зияткер, тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында дарынды балалардың қызығушылығына негізделген жұмыстарды көрсету мақсатында шара өткізіліп, оның аясында «SCIENCE FAСTORY» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова және ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Керімқұлқызы, ардагер ұстаздар мен «Серіктес директорлар» лигасының мүшелігіндегі мектеп директорлары, ZOOM платформасы арқылы қала мектептерінен 300-ге жуық оқушы қатысты.
Білім ошағында венчур әдісі арқылы метеорология алаңы жасақталған. Алаңда мектеп оқушысы ғылыми жетекшісі мен әлеуметтік серіктес «Қазгидромет» филиалымен бірлескен эксперимент-тәжірибесін көпшілік назарына ұсынылды. Шара барысында мектеп ұстаздарының «Жетістіктер аллеясы» және оқушылармен бірлескен ғылыми-шығармашылық жобаларының жұмыстары мен жеткен жетістіктері таныстырылды. Мұнан соң, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы университет ғалымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу орталығының тұжырымдамасын таныстырып, «SCIENCE FAСTORY» ғылыми-зерттеу орталығын салтанатты түрде ашты.
«Республика деңгейінде Қорқыт ата университетімен бірлесе отырып, «SCINCE FACTORY» ғылыми-зерттеу орталығы ашылуда. Бұл орталық арқылы түрлі бағыттар бойынша дарынды оқушылар даярланатын болады. Ол үшін арнайы дарынды оқушылардың базасын жасақтап, тікелей ғылыми кеңесші ретінде университеттің ғалым, профессор-оқытушылары тікелей жұмыс істейтін болады. Бұл оқушылар үшін үлкен мүмкіндік!», – деді Ақзира Қасымова.
Республикалық ашық алаң шарасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп оқушылары оқыған шығармаларынан үзінді қойылымын көрсетіп, «Отбасы кіші мектеп» жобасы бойынша құрылған әжелер ансамблі әннен шашу шашты. Сонымен қатар іс-шара аясында «Отбасы мектеп» штабының авторлық бағдарламасы жарық көріп, мектеп директоры Айгүл Нажмадинқызы кітап авторларымен бірге тұсаукесерін жасады. Жиын соңында «Оқушы үні» жобасы аясында білім ошағында ашылған «Ғажайып театр» атты қуыршақ театрының «Қызыл телпек» шығармасы желісімен қойылған оқушылардың қойылымы көрсетілді.
Загрузка...