Ректор аға буынға құрмет көрсетті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректор Гүлмира ҚАНАЙ Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесіп, оларға құрмет көрсетті, – деп хабарлайды университеттің Маркетинг және коммуникациялар департаменті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жыл: Азаттық. Теңдік. Бостандық» жобасы қолға алынғаны белгілі. Аталмыш жоба аясында ұйымдастырылған басқосуда оқу орнының басшысы аға буын өкілдеріне ізгі ниетін білдіріп, мерейлі мерекемен құттықтады.

– Амандық-саулық – адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты. Бұл – туған еліне егемендік пен еркіндікті қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып берген әйгілі Махатма Гандиден қалған қанатты сөз. Расында да, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қайсыбір халықа болмасын, асыл ұғым саналады. Еліміздің егемендік алуына сіздердің қосқан үлестеріңіз айтарлықтай зор, – деді Гүлмира Қанай.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан «Желтоқсан көтерілісі» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мырзағұл Әбдіқұлов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, жазушы Болат Шарахымбай және «Qazaqstan Dauiri» газеті директорының орынбасары Жанбақыт Борантаев университет басшысына алғыстарын жеткізіп, игілігі мол ісіне табыс тіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий