Объединяя идеи, развиваем мастерство

Центром педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» (Центр) для системного и структурированного профессионального развития казахстанских педагогов, наращивания внутреннего потенциала школ активно проводится посткурсовая методическая поддержка.

 

Тренеры наблюдают уроки, чтобы предоставить учителям конструктивную обратную связь, на основе запросов самих школ организуют обучающие семинары, вебинары и мастер-классы. Методическая поддержка организована Центром на уровне каждой школы (через создание пула школьных тренеров и школьных координаторов) и на уровне района или города (через создание сети ведущих школ).

 

Аманжол ИСАБЕКОВ, заведующий методическим кабинетом отдела образования Железинского района Павлодарской области:

– Как управленец, занимающийся обеспечением качественной методической поддержки учителям и руководителям школ, хочу подчеркнуть значимость действующей модели посткурсовой поддержки, разработанной Центром. Нужно признать, что ранее не уделялось достаточного внимания подготовке методического актива не только для каждого региона, но и для каждой школы по конкретным направлениям деятельности.

Сегодня можно уверенно говорить о том, что тренеры Центра оказывают действенную помощь методистам в освоении новых подходов к планированию методической работы. Отрадно, что в настоящее время методические активы школ являются нашими помощниками в обучении учителей по вопросам формирования функциональной грамотности, критериального оценивания учебных достижений учащихся, внедрения в практику работы системообразующих инноваций.

В результате тесного взаимосотрудничества мы создали в регионе единое методическое пространство с множеством отношений и связей, направленных на развитие профессиональной компетентности педагогов, методических служб и образовательной системы региона в целом.

 

Сағида Ахметова, Жақсы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, Ақмола облысы:

– Жетекші мектептер қызметінің басты мақсаты – жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы және Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату үшін ашық диалог алаңын құру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Орталық тренерлерімен бірлесіп, зерттеу, оқу-әдістемелік, сараптамалық және ақпараттық функцияларды іске асыру бойынша жұмыс істейміз.

Аудан мектептерінде Lesson study зерттеу топтары құрылып, өз әріптестерінің кәсіби дамуына әдістемелік қолдау көрсету жүзеге асырылуда. Мәселен, №2 Жақсы орта мектебі серіктес мектептермен бірлескен зерттеулер бойынша оқытуды жақсартуда күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін туындайтын қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын бірлесе зерттеп, тиімді нысандар мен әдістерін іздеу бағытында жұмыс істеуде. Олардың күш-жігерімен оқыту сапасын жақсарту үшін білім беру ортасы белсенді дамып келеді, көшбасшы мұғалімдер нәтижелі командалық жұмыстың үлгісін көрсетіп, өз тәжірибелерін сынап, басқаларға ұсынуда.

Жетекші мектептер – серіктес мектептер үшін тәжірибе тасымалдаушысы, тірек желілік платформасына айналды. Өз серіктестеріне тәжірибені каскадты түрде тарататын жетекші мектептер әдістемелік қолдауды іске асырса, Орталық мектептердің әдістемелік ынтымақтастығындағы сараптамалық рөлін атқарады. Мектептің әдістемелік активтері педагогтердің мектепішілік біліктілігін арттыру мақсатында өзара сабақтарға қатысып, шеберлік сыныптары мен түрлі оқыту іс-шаралары арқылы тәжірибе бөлісу алаңын іске қосты, яғни мектептер ақпараттық-әдістемелік орталықтарға айналуда. Ең бастысы, командалық және ынтымақтастық жұмыс арқылы туындаған мәселелерді шешіп, белгілі нәтижелерге жете алатындығымызға сенімдіміз.

 

Арай ТОБЫКОВА, учитель русского языка и литературы общеобразовательной школы №2 имени А.Ермекова г. Каркаралинска Карагандинской области:

– Будучи учителем, хочу отметить, как важно и необходимо своевременно получать практическую помощь от коллег и быть уверенным в своих возможностях. Надо сказать, эту уверенность мы получили от тренеров Центра после вебинаров, которые были проведены в октябре текущего года для педагогов Каркаралинского района в рамках проекта «Сельская школа». Серия вебинаров была посвящена мониторинговым исследованиям в школе. Это были занятия, на которых мы не только узнали методику проведения исследований, но и получили практические рекомендации касательно её применения.

В период внедрения в практику нового опыта мы получали индивидуальные консультации, обратную связь. Тренеры и координаторы ведущих школ поддерживали и мотивировали нас.

Знакомство с методами и инструментами исследования помогли нам разобраться с понятиями «мониторинг» и «исследование», принципами и закономерностями, способами определения предмета исследования, его целей и задач. Я получила ответ на вопрос, какие этапы необходимы в исследовании. Выполнение практических заданий дало мне возможность разобраться, как правильно использовать нужные методы и инструменты, проводить диагностику результатов, формулировать выводы и рекомендации.

 

Роза ТУРМАНОВА, №49 орта мектебі биология пәні мұғалімі, Іле ауданы, Алматы облысы:

– Орталықтың жетекші мектептердің педагогтерімен тұрақты және жүйелі жұмыс жүргізу, үздіксіз әдістемелік қолдау көрсету нәтижесінде ұстаздар қауымы кәсіби дамуға мүмкіндік алды.

Орталық ұйымдастырған каскадты оқыту арқылы педагогтер оқу мен оқытудың әдістемесі мен технологияларын озық меңгере алды. Өзгерістерді енгізуге мектептердің әдістемелік активін жұмылдыру мектеп ұжымының арасында ынтымақтастықтың қалыптасуына, бірлесіп жұмыс атқаруына ықпал етті. Мектеп тренерлері мен үйлестірушілер мектеп ішінде әріптестеріне, оқушыларға және олардың ата-аналарына оқу мәселелері бойынша тұрақты кеңес беруді ұйымдастырып, кәсіптік дамудың мектепішілік курстары мен оқыту әдістемелік іс-шараларын өткізуді үйренді. Ұстаздардың функционалдық сауаттылық және әдіснамалық-пәндік құзыреттіліктерін дамытуға деген қызығушылықтары арта бастады. Әрбір аудандарда жетекші мектептер құрылып, өздеріне бекітілген серіктес мектептермен бірлесе жұмыс істеуді үйренді.

Бүгінде жетекші мектептің бекітілген серіктес мектептерімен үнемі өзара бірлесіп жұмыс атқаруы, олардың нақты қажеттіліктері мен сұраныстарына сүйене отырып, жұмыс тәжірибесімен алмасуды сапалы ұйымдастыруға, әріптестерін уақытылы қолдау мен кәсіби дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

 

Несібелі СЫДЫҚОВА, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы:

– Орталық тренерлері курсты өткізіп қана қоймай, курстан кейін де үнемі байланыста болып, мұғалімдерге қолдау көрсетіп отырады. Семинар, дөңгелек үстел, шеберлік сыныптарын өткізіп, мұғалімдердің сабақтарына қатысады. Барлық ұйымдастырылған шаралардан кейін мұғалімдер кері байланыс алып, сол бойынша жұмыс істейді.

Әсіресе пандемия кезінде мұғалімдерге тренерлердің көмегі зор болды. Қашықтан оқытуға арналған сабақ құрылымы, кері байланыс ұйымдастыру, қашықтан оқу жағдайында әлеуметтік желіні пайдалану, жиынтық бағалау тапсырмаларын ұсыну жолдары, тілдік дағдыларды қашықтық оқыту, бағалау жолдары, тоқсан және бөлім бойынша жиынтық бағалау ұйымдастыру, оларды өткізудегі Google-Формаларды қолданудың тиімділігі тақырыптарында өткізген вебинарлар мұғалімдердің қашықтан оқытуын жеңілдетті. Соның арқасында мұғалімдердің оқыту дағдылары қалыптасып, түрлі платформа мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.

 

Мөлдір ТУРАБАЕВА, №75 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, Шымкент қаласы:

«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы аясында Орталықта курстан өткеннен кейін тәжірибемде үлкен өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, пән мұғалімі ретінде Сабақты зерттеу үдерісіне қатысу түрлі білімім мен дағдыларымның жетілуіне септігін тигізді. Мысалы, оқушылардың жұмысына қолдау көрсету, бүкіл сынып қатысатын пікірталас ұйымдастыру, өз сабақтарымда оқушылардың бір-бірімен барынша қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ білім беру бағдарламасын, оқу мақсаттарын іске асыруда, өзімнің пәндік білімімді жақсарту тұрғысынан зерттеу сабағын бірлесіп жоспарлау ісі пайдалы болды.

Әріптестеріммен жүйелі негізде бірлесіп сабақты жоспарлау мен зерттеу сабағы өткеннен кейінгі әрекеттерді бірлесіп ой елегінен өткізу, рефлексия жасау нәтижесінде пәнді оқыту тәсілі туралы білімім тереңдей түсті.

Мен зерттеу сабағын жоспарлау сатысында оқушылардың бұған дейінгі білімін анықтай алдым, өткізу кезінде оқушылардың ойлау дағдыларын болжауды үйрендім, талдау сатысында оқушылардың жауаптарын ой елегінен өткізу және түсініктеме беруге машықтандым. Іс-әрекеттегі зерттеуді үздіксіз жүргізу – педагогикалық тәжірибемді жақсартып қана қоймай, кәсіби тұрғыда өсуіме оң ықпал етті деп сенімді айта аламын.

 

Ольга АНДРУШИНАС, учитель химии и биологии общеобразовательной школы №32 с. Жанаесиль Целиноградского района Акмолинской области:

– Создание школьных методических активов – важный этап в профессиональной поддержке педагогов. Школьные тренеры, прошедшие обучение в Центре по программам, направленным на развитие рефлексивных и исследовательских навыков, умения разрабатывать задания для формативного и суммативного оценивания, оказывают методическую поддержу своим коллегам.

Безусловно, обучение по данным программам позволило нам улучшить собственную практику. Большую методическую поддержку мы получаем как от Центра, так и от районного методического кабинета, от ведущих и партнёрских школ. Особое внимание уделяется вопросам планирования и проведения коучингов, мастер-классов, тренингов, организации внутришкольной работы по профессиональному развитию учителей с учётом их профессиональных затруднений, проведению исследований, предоставлению конструктивной обратной связи. Мы с успехом применяем новые знания и навыки для планирования эффективных уроков, интересных для наших учеников.

Хотелось бы отметить роль Центра в организации открытого доступа к цифровым образовательным ресурсам, которые помогают нам улучшить преподавание. На образовательном портале www.sdo.cpm.kz мы можем пройти любой курс повышения квалификации или вебинар по нашим потребностям.

 

Татьяна ХАРЧЕВА, учитель начальных классов средней школы №20 г. Уральска:

– Мне нравится, что проводимые Центром мероприятия направлены в первую очередь на развитие лидерских качеств, мотивацию и поддержу учителей. Большая совместная работа школьных тренеров, координаторов, методистов и руководителей школ позволяет нам быть открытыми, озвучивать свои затруднения, обсуждать и делиться мнениями по вопросам планирования уроков, разработки и экспертизы заданий для оценивания, проведения различных видов исследования, в целом по обновлению методики преподавания. Знания, полученные нами, навыки и умения значимы, актуальны, практически применимы, необходимы в повседневной деятельности.

Когда ты понимаешь, что растёшь профессионально и стремишься к высоким целям, хочется обучаться ещё больше. А посткурсовая поддержка тебя окрыляет и даёт новые возможности для развития.

 

Елена ЮНАЦКАЯ, заместитель директора по профильному обучению школы-гимназии №17 г. Сарань Карагандинской области:

– Сегодня в школах страны внедряются новые подходы в преподавании и обучении, проводится активная инновационная деятельность. Поэтому в рамках посткурсовой поддержки возникла необходимость в сетевом взаимодействии учителей. Каковы механизмы взаимодействия? Ответ на этот вопрос был найден через совместное взаимодействие работы ведущих и партнёрских школ по трансляции опыта NIS.

В течение нескольких лет школа-гимназия №17 и школа №4 в качестве ведущих школ совместно планируют работу по взаимодействию со школами-партнёрами.

На мой взгляд, наиболее эффективными являются такие виды взаимодействия, как совместное обсуждение в режиме онлайн вопросов преподавания и обучения, анализ опыта применения активных методов обучения, обратной связи, оценивания с целью улучшения практики преподавания, развитие рефлексивной и исследовательской культуры.

Посткурсовая поддержка через ведущие школы способствует организации персонализированной помощи учителям, укрепляет и развивает их взаимодействие. При поддержке Центра наши школы активно участвуют в стендовых конференциях, которые способствуют обмену мнениями и дальнейшему распространению инновационного опыта работы. Стало для них традиционным проведение дней открытых дверей для педагогической и родительской общественности, для учителей базовых школ-партнёров. Вся эта работа способствует развитию профессионального мастерства учителя.

 

Аққу ОРЫНБАСАРОВА, Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы директорының орынбасары Атырау қ.:

– Орталық курстан кейінгі әдістемелік қолдау аясындағы бірлескен іс-әрекет «Кәсіби әңгіме» нысанымен басталып, қазіргі уақытта ауқымды, кешенді іс-шараларға ұласты.

Курстан кейінгі қолдау педагогтерді ортақ мақсатқа біріктіру, жаңаша жұмыс істеуге талпынатын ортаны қалыптастыру, тиімді командалық жұмысты ұйымдастыру, мұғалімдердің сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мүдделерін көздейді.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуына және курстан кейінгі кезеңдегі оқыту мен оқу тәжірибесінің өзгеруіне ықпал етуде Орталық тренерлерінің батыл да нәтижелі қадамдарына куәміз. Дәлел ретінде педагогтерге сыни ойлау, оқыту, өзін-өзі басқару, көшбасшылық, шығармашылық және коммуникативтілік, т.б. кәсіби, Soft-skills дағдылардың негізінде VUCA әлемде өмір сүру әдіснамасын меңгерту бағытындағы Орталықтың табысты тәжірибелерін атап өтуге болады.

ХХІ ғасырдың әмбебап, проактивті педагогі моделін қалыптастырудағы кәсіби әріптестігіміздің нәтижелі ертеңіне сенеміз.

 

Зоя Қойшыбаева, Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы Алматы қ.:

– Курстан кейінгі қолдау мақсатында Алматы қаласы №86 жетекші мектеп ұжымының кәсіби даму қажеттілігін жүзеге асыру үшін онлайн қосымшалар арқылы ашық ақпараттық кеңістік құрылған. Адамгершілік, әлеуметтік және мәдени дамуға баса назар аударған мектеп мұғалімдеріне ақпараттық кеңістікте тәрбие жобаларын тиімді қолдануға әдістемелік қолдау үздіксіз көрсетіліп келеді.

Орталық бірлесе отырып, Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «100 кітап, 100 ән» жобасының негізінде: «Кітап оқу және әнді зерттеу арқылы оқушылардың бойына құндылықтырды дарыту мүмкіндіктері қандай?» тақырыбындағы Іс-әрекеттегі зерттеудің төртінші кезеңі жүргізілуде.

Аталмыш Іс-әрекеттегі зерттеу барысында жинақталған тәжірибе Google Classroom веб-сервисінде цифрландырылып, кез келген уақытта қолжетімді болуы қамтамасыз етілді. Жетекші мектептің жұмысына қызығушылық танытқан серіктес мектептердің мұғалімдері мен ата-аналары үшін құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға ықпал ететін жоба жетістіктері Youtube хостингіндегі жеке екі каналға орналастырылып, назарға ұсынылды.

 

Айман ҚЫДЫРОВА, №1 мектеп-лицей директоры Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы:

– Біліктілікті арттыру курстары мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдірудің тиімді жолы екені белгілі. Дегенмен бірқатар мұғалімдер курстан алған білім-білігін тәжірибемен ұштастыруда кедергілерге кезігеді. Осындай жағдайда Орталық тренерлерінің курстан кейін де тыңдаушылармен байланысты үзбей, оларға әдістемелік қолдау көрсетуі тиімді үдеріс деуге болады. Бұл курс бағдарламаларының мазмұнын оқыту тәжірибесіне жүйелі енгізуге және мұғалімнің кәсіби әлеуетінің дамуына тікелей ықпал етеді.

Біздің мектептің мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау бірнеше бағытта ұйымдастырылады. Деңгейлік курстан өткен көшбасшы мұғалімдер мен «Мұғалімдердің тәжірибедегі зерттеуі» бойынша арнайы курста оқыған мектеп тренерлеріне әріптестермен ынтымақтастық орта құру, бірлескен оқуды жүзеге асыру бойынша бағыттар көрсетіліп, кәсіби әңгіме мен кеңестер өткізіледі. Мектеп мұғалімдері үшін, олардың қажеттіліктеріне қарай, өткізілген курс мазмұны аясында коучинг, тренинг пен әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады.

Курстан кейінгі қолдау мектеп мұғалімдерінің кәсіби даму сапасын қамтамасыз ететін тиімді әдістемелік көмек деп ойлаймын.

 

Ержан МАХАШЕВ, Т.Рысқұлов атындағы мектеп директоры Түлкібас ауданы, Түркістан облысы:

– Мен қатысқан «Жаңару жаршысы» форумы басқа өткізіліп жүрген шаралардан ерекшеленеді. Өйткені әрбір форум сындарлы және заман талабына сай интербелсенді ұйымдастырылған.

Форумда талқыланатын секция тақырыптары да заманауи оқу үдерісінің мәселелеріне арналған. Жыл сайын ұйымдастырылып отыратын бұл форумда: тиімді мектепішілік менеджмент, жетекші және серіктес мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастығы, педагогтердің зерттеушілік дағдыларын дамыту және мектеп активтерінің бірлескен көшбасшылығы туралы мәселелерден тұрған секциялардың жұмысы жүйелі өткізіледі.

Форум аясындағы пікірталас алаңдарында Жетекші мектептердің үздік жобаларымен танысып, жетекші және серіктес мектептерінің өзара әрекеттесу үлгілерінің виртуалды көрмесі өтеді. Форум жетекші мектептерге, желілік орталықтар ретінде, кәсіби педагогикалық қоғамдастықтарда жұмыс істеу үшін кеңірек байланыс орнату арқылы басқа саладағы әріптестерімен серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осы форумға қатысу арқылы өз кәсіби біліктілігімді арттырып, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге бастама алдым. Ең үлкен жетістік – мектепті инновациялық тұрғыдан басқаруды үйрендім. «Зерттеуші лабораториясы» жобасы бойынша тірек мектептермен бірлескен мұғалімдердің және оқушылардың зерттеулерін ұйымдастыра алдым. Біздің қазіргі уақытта жақсы жолға қойылған жұмысымыз –«Жетекші мектеп активтері» жобасы. Бұл жобаның тиімділігі байланыс тек мектеп директорымен ғана емес мектептің активімен өзара тәжірибе алмасу және кәсіби қарым-қатынас орнатылуымен ерекшеленеді.

 

Карлыгаш МУЗДЫБАЕВА, к. г. н., старший преподаватель КазНПУ имени Абая г. Алматы:

– Чтобы оставаться востребованным специалистом, педагог должен постоянно учиться и узнавать новое. Курсы повышения квалификации «Методика проведения прикладных исследований», организованные Центром, открыли для меня новые методы и подходы в организации прикладных исследований в вузе.

Сегодня педагогические подходы «Исследование в действии» (Action Research) и «Исследование урока» (Lessоn Study) помогают мне рефлексировать над качеством собственного преподавания, а также делиться опытом с коллегами и более опытными профессорами.

В этом году мне предоставилась возможность применить исследование в действии в собственной практике. На специальность «Экология» поступило несколько студентов, которые, по моим наблюдениям, не выражали особого интереса к предмету. Я начала задумываться, как повысить их мотивацию. Подготовила интересные ресурсы, начала знакомить с новыми учениями, малоизвестными фактами по экологическим проблемам, нашла полезную литературу. Провела анкетирование, опрос, наблюдала за их учебными действиями. Научила ребят ставить SMART-цели, обсуждать их соответствие критериям и совместно анализировать их достижение. Спустя 2 месяца я увидела интерес в глазах студентов, у них улучшилось качество выполнения учебных заданий.

Сегодня могу с уверенностью сказать, что благодаря посткурсовой поддержке успешно применяю новые знания в практике.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий