Студенттер 72 сағат ішінде деректі цифрлық өңдеуді үйренеді

Amanzholov University-ге ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту» бағдарламасы аясында осы оқу жылында алғашқы ғалым келді, деп хабарлайды С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген Люблян техникалық университетінің Электротехника және информатика факультетінің профессоры Вальдемар Чеславович Вуйцикпен кездесті.

– Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тарту» бағдарламасы аясында биылғы оқу жылында біздің университетке келген алғашқы ғалым, – деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Amanzholov University студенттерімен өз білімдерін бөлісетін басқа елдерден тағы үш профессор келеді. 2021 жылғы қарашаның 25-іне дейін білім алушылар деректердің цифрлық өңделуін зерделейді. Вальдемар Чеславович студенттерді сигналдарды көп жылдамдықты өңдеу, дискретті сигнал спектрлерін беру және түрлендіру әдістерін және тағы басқа тақырыптар бойынша оқытады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий