Атырауда тұңғыш рет церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған шағын орталық және инклюзивті спорт секциялары ашылды
Атыраудың кішкентай «ерекше» тұрғындары үшін мүмкіндіктерге жол ашылды. Қаладағы Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған алғашқы шағын күндізгі орталық есігін айқара ашты, онда түзету-педагогикалық көмектен бөлек балалар мен жасөспірімдерге бейімделген футбол және паралимпиадалық спорт түрі – бочча бойынша спорттық секция ұйымдастырылды.
Бұл іс-шаралардың бастамашылары мен ұйымдастырушылары мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар басқаратын «Жан-Еркемай» ҚҚ және «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ екі қоғамдық қоры болды.
– Шағын орталық құру идеясы мен отбасымызбен Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, қызыммен «Балам-ай» орталығына барған кезде пайда болды. Бұл орталықта аптасына 5 рет таңертеңнен кешке дейін барып, түзету-педагогикалық көмек пен физикалық сауықтыру шараларын алуға мүмкіндік болды. Туған жерім Атырауға қоныс аударғанымда «Балам-ай» орталығының негізін қалаушы, мейрімді жан, бүгінде марқұм Жасанова Қамқа Мәдиқызы осындай орталықты құрудың үлгісімен және тәжірибесімен бөлісті. Біздің орталықтың ашылуына қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Атырау қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында қажетті жаңа жайды сенімгерлік басқаруға берді және «Теңіз Шевройл» компаниясының қаржылық қолдауымен ОАЕҚ-ның «Жарқыра» әлеуметтік жобасының ұтып алған грантының арқасында біз толық жабдықталған емдік шынықтыру залын және сенсорлық бөлме, тұз шахтасын жасадық. Енді біздің қабырғамызда кем дегенде 40 церебральды сал ауруына шалдыққан балаға жүйелі негізде жан-жақты қолдау көрсетіліп, спортта да жан-жақты дамитын болады! Сондай-ақ бүгін елордалық «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорымен бірлесе отырып, біз «ерекше» балаларымызға спорт әлемінің есігін аштық, – дейді Жан-Еркемай ҚҚ директоры және шағын орталықтың негізін қалаушы, төрт баланың анасы Әлия Кубаева.
Атырау қазірдің өзінде Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әртүрлі спорт түрлерінен жыл бойы инклюзивті секцияларды ашуға бағытталған «Саламатты болашақ» жобасы жүзеге асырылып жатқан он алтыншы қалаға айналды. «Бүгін біз «Алико Инжиниринг» ЖШС серіктестігімен шағын орталықтың қабырғасында бочча секциясын және Олимпиадалық спорт кешенінде адаптивті футбол секциясын аштық. Енді ол жерде балалар тегін жаттыға алады», – дейді «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нұргүл Ұлжекова.

«Саламатты болашақ» жобасының арқасында республика бойынша 700-ден астам «ерекше» бала жүзу, каратэ, футбол, голбол, бочча, дзюдо, хореография, таэквондо, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерімен айналысады. Жоба аясында жаттықтырушылар мамандардан бейімді дене шынықтыру әдістері мен құралдарын, әртүрлі диагнозы бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін үйренуде. Сондай-ақ мамандар өз жұмыстарында дені сау балаларды бірлескен жаттығуға тарта отырып, инклюзивті тәсілдерді қолданады. Қор жаттықтырушыларға еңбекақы төлеуге, секцияларды мамандандырылған спорттық құрал-жабдықтармен жабдықтауға және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге шығындарды өтеуді мойынына алған. Алдағы уақытта секцияларды мемлекеттік спорт тапсырысына беру жоспарлануда.

Сұрақтар бойынша:
Нұргүл ҰЛЖЕКОВА, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ, 8 701 710 70 68Алия КУБАЕВА,
«Жан-Еркемай» ҚҚ, 8 701 844 03 80