Докторанттардың республикалық шеберлік апталығы мәресіне жетті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтында 2021 жылғы қазан айының 25-29 аралығында «Жаратылыстану ғылымдары және пәндері: озық тәжірибелер мен технологияларға негізделген зерттеулер» атты докторанттардың республикалық шеберлік апталығы өтті, – деп хабарлайды Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің баспасөз қызметі.

Апталыққа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанттарымен қатар, шетелдік университеттерде: Қытай ғылым академиясына қарасты Шыңжаң экология және география институтында және  Кемерово мемлекеттік университетінде (Ресей) білім алатын ұлты қазақ докторанттар да белсене қатысты. «Ғылымды танып-білуде ережеден мысал пайдалырақ» демекші, шеберлік апталығының дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өткен «Ғылыми зерттеулерге жаңа көзқарас» атты вебинарларда докторанттар Жаратылыстану ғылымдарындағы озық әдістер мен технологияларды және тәжирибелерді пайдалануды өз зерттеу мысалдарында баяндап, шеберліктерін көрсетті.

Докторанттардың шеберлік апталығының жабылу салтанатында «Үздік спикер», «Үздік пост» және «Үздік мақала» байқауларының жеңімпаздары жарияланды. «Үздік спикер» байқауында І орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «8D07302 – Геоинформатика» мамандығының 1-курс докторанты Әсет Арыстанов; ІІ орынды Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515 – География» мамандығының 2-курс докторанты Нұрсұлтан Сәлімжанов; ІІІ орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «8D05105 – Биотехнология» мамандығының 1-курс докторанты Серікхан Айдарханұлы иеленді.

«Үздік пост» байқауында І орынға Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515 – География» мамандығының 2-курс докторанты Ерлан Исаков; ІІ орынға Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515 – География» мамандығының 2-курс докторанты Ержан Абикбаев; ІІІ орынға Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D05101 – Биология» мамандығының 3-курс докторанты Серік Бәкіров ие болды.

«Үздік мақала» байқауында І орынды Қытай ғылым академиясына қарасты Шыңжаң экология және география институтының «география» мамандығының 3-курс докторанты Жасұлан Сманов; ІІ орынды Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515 – География» мамандығының 2-курс докторанты Назира Мырзалы; ІІІ орынды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D05211 – Іздеу географиясы және геоақпараттық жүйелер»» мамандығының 3-курс докторанты Шынар Шыңғысбаева қанжығасына байлады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен (І орын – 100 мың теңге; ІІ орын – 50 мың теңге; ІІІ орын – 30 мың теңге) марапатталды. Жоғарыда аталған байқауларға белсене қатысқан докторанттарға Алғыс хаттар табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий