Нұр-Сұлтан қаласында жүргізушілер сайысының жеңімпаздары анықталды
М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында күні кеше «Сөз шебері» атты қалалық жүргізушілер сайысының финалы өтті. Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты – жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу, сөйлеу жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін жастарды анықтау, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Байқаудың іріктеу кезеңіне елордалық 50-ден астам білім беру ұйымдары қатысуға ниет білдірді. 20 лайықты қатысушы екінші кезеңнің финалистері атанды. Олар: №66, 32, 37, 82, 60, 50, 30, 72, 59, 86, 40, 47, 89, 54, 87, 80, 23, 28, 71, 15 білім беру ұйымдары. Сайыс үш креативті тапсырмадан тұрды: «Мен жүргізуші боламын» визит карточкасы, «Тәуелсіздік – ұлы ұғым!» атты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған репортаж, сонымен қатар экскурсия және сұхбат, т.б. форматтағы бейнероликтер, финалистердің дефиле-шеруі өтті. Әр қатысушының шеберлік деңгейін бағалау барысында сахна мәдениеті, харизмасы, сөйлеу мәнері, бөлінген уақытты пайдалана білуі сынды критерийлерге мін берілді.
Қазылар алқасының құрамында «Балапан», «Хабар», «Ел арна» телеарналарының өкілдері, «Қазақ радисы», «Шабыт» ҚазҰӨУ, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының мамандары болғанын айта кеткен жөн. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Мадениет Амиров (№59 МЛ) және Арина Подлесная (№47 МГ) ие болды. Жүлделі бірінші орынды Рафаэль Ташенов (№72 МЛ) және Гүлден Байболат (№54 МЛ) иеленді. Екінші орынға Анвар Ахметов (№60 МЛ) пен Асемай Аманғұл (№40 МЛ) тұрақтаса, үшінші орын Мейірлан Төлеуіш (№66 МЛ) пен Карина Тулеубековаға (№23 ОМ) бұйырды.
Жүлделі орындардан бөлек арнайы номинациялар да берілді. Диас Ыбрайхан (№30 МГ) – «Өнерпаз жүргізуші», Фараби Тимитаев (№50 МЛ) – «Креативті жүргізуші», Әбубәкір Темірханұлы (№86 МГ) – «Тапқыр жүргізуші», Жасұлан Княз (№37 МЛ) – «Сегіз қырлы бір сырлы», Никита Зубков (№32 МГ) – «Көрермендер көзайымы», Айбар Дүкен (№82 МЛ) – «Өнерлі жүргізуші», Адеми Сабитова (№89 МЛ) – «Өнерпаз жүргізуші», Сабина Муканова (№80 МГ) – «Креативті жүргізуші», Алма Ескербекова (№87 МГ) – «Тапқыр жүргізуші», Виолетта Ткаченко (№28 МЛ) – «Сегіз қырлы бір сырлы», Медина Машанова (№71 МЛ) – «Көрермендер көзайымы», Аружан Кунгеева (№15 МЛ) – «Өнерлі жүргізуші» аталымына ие болды.
Загрузка...