Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепішілік конкурсы өтті

Алматы қаласындағы №152 мектеп-гимназия білім беру жүйесінің басты тұлғасы ретінде мұғалімнің мәртебесін арттырып, заманауи мектепті жаңарту мақсатында мұғалімдерді үздіксіз шыңдауға ерекше көңіл бөледі. Осы ретте мектепішілік «Шыңдалу мектебі» ҒӘК ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» байқауы өтті.

Мектеп-гимназия мұғалімді кәсіби жетілдіруде әдістемелік жұмыстың жаңа тәсілдеріне назар аудара отырып, оның маңызын түсіну үшін міндеттерін, мазмұнын, әдісін, дәстүрлі тәсілдерін жаңғырту қажеттілігі бойынша жұмыс істейді. Байқаудың мақсаты: өз тәжірибесіне инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, жетістігіне қарай қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер тәжірибесін тарату, мұғалім беделіне деген ізгі пікірді қалыптастыру.

Байқаудың «Педагогтің портфолиосын зерделеу» және «Бастауыш сынып сабақтарындағы білім беру инновациялары» – мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы кезеңдері бойынша қатысқан мұғалімдер өз біліктіліктері және көшбасшылық кәсіби шеберліктерін дәлелдей білді. Сайысқа табанды дайындықпен келген қатысушылардың жұмысы сараланып, жеңімпаздар анықталды. Мектепішілік байқаудың нәтижесінде Жанна Кенесова І дәрежелі дипломмен, Назгүл Қуанған ІІ дәрежелі дипломмен, ал Алмагүл Түйлебаева, Мейрамкүл Сейлханова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Байқаудың әрбір кезеңінде көпшіліктің ықыласына бөленіп, тыңғылықты дайындығы мен сөйлеу әдебі, ұстаздық келбеті, педагогикалық ұстанымдарымен мектепішілік байқау комиссиясының және көпшіліктің қолдауымен шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеген жеңімпаздар мараптталып, І дәрежелі диплом иегері аудандық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Мектеп-гимназияның мерейін үстем етіп, аудандық байқаудан да озық шығады деген үмітпен бастауыш сынып мұғалімі Жанна Кенесоваға үлкен сенім артамыз. Ұстаздық қызметіндегі кәсіби шеберлігін шыңдаудағы еңбегіне шығармашылық шабыт тілейміз.

Индира ЕСЕНБАЕВА,
№152 мектеп-гимназиясы тәлімгер ұстаз,
бастауыш
сынып мұғалімі,

Аяулым ҚҰРМАН,
жас маман, бастауыш сыныптар мұғалімі,
Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий