Білім мен тәрбие мақсатының негізі
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру, білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіру керек. Осы тұста мектептің алдында оқушы бойында қажет қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеу міндеті тұр.
Шәкірттердің интеллектуалдық деңгейін жетілдіруде ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек қасиетіне иелік ететін әрі қоғам өзгерістеріне икемді бола алатын көшбасшы тұлға тәрбиелейтін орта құру миссиясы шегінде мектебіміз өз қызметіне Халықаралық SHARE жобасының тәжірибесін енгізді. «Осы миссияның астарында нендей идея жатыр?», «Білім мен тәрбие мақсаты негізінде нендей жаңалық әкелмекші?» деген ойдың негізінде мектебімізде білім мен тәрбиенің бүгінгі және ертеңгі мақсаттарында бірқатар жұмыстар жасалуда.
Біріншіден, мектеп миссиясының негізі – ғылыми-әдістемелік жұмыс, яғни педагогтердің кәсіби қалыптасуын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу, шығармашылық дағдысын көтеру, бәсекелестігін арттыру арқылы оқушыларға сапалы білім беру. Ұжымның іс-әрекетін сабақты зерттеу арқылы жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру, педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өндеуге ұсыныстар беру міндеті де әркез назарда.
Оқушыларға қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру және оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету арқылы оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға ықпал ету мақсатында мектеп миссияның келесі бір саласы – мектеп психологында. Миссияның басты міндеті – білім алушылардың тұлғалық және интеллектуалдық дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту және табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыру және тағы басқалары.
Үшіншіден, мектеп миссиясын өз мақсатында жүзеге асырудың тағы бір қайнар бұлағы – оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру, оны ішкі тәртіп ережелеріне, білім саласындағы заңнамаларға сәйкес басқару – мектеп менеджерінде. Оның сабақты ұйымдастыру мен өткізуде қызметкерлерге әдістемелік көмекті жүзеге асырудан бастап, «kundelik» электронды журналының «Сабақ кестесі» бөліміне мұғалімдердің сабақ кестесінің уақтылы қойылуын, пән мұғалімдерінің күнделікті журнал, ТЖБ, БЖБ бағалауының уақтылы толтырылуын қадағалауға ат салысу міндеттері бар.
Төртіншіден, оқушылардың ой-өрісін, білімін жетілдіру, сөздік қорын молайту мақсатында ана тілін аялап, құрметтеуге тәрбиелеу оқушы жүрегіне жылу ұялататын орта – кітапхана. Өмірге белсенді көзқарас пен жоғары білімді, қайрат-жігері, ақыл-парасаты мол тұлғаны тәрбиелеу, оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке қатыстыру, жалпы орта білімнің инновациялық моделін құру осы заманға сәйкес білім берудегі объективтік қажеттілік болып табылады.
Бүгінгідей бәсекеге негізделген қоғамда білім мен ғылымның алатын орны ерекше. Сындарлы саясаткер Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында», – деп атап көрсеткендей, егемен елімізді әлемге танытатын, болашағынан зор үміт күттіретін дарынды ұрпаққа әрқашанда назар аударылып, зор қамқорлық көрсетіліп жатқанын оқушылар сезінуде.
Роман БАЙГАЗИЕВ,
Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы