Түркі тілдес халықтар тарихына арналған мұражайды үйден шықпай-ақ аралау мүмкін болмақ

Amanzholov University Алтай мемлекеттік университетімен бірлесіп «Үлкен Алтай – түркілердің арғы тегі» виртуалды мұражайының сайтын жасауда. Жаңа ресурс 2021 жылдың соңында іске қосылады, – деп хабарлайды Cәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.

 

Бұл ресурс түркі өркениетінің материалдық және көркем мәдениетінің елеулі жетістіктері мен ескерткіштерін кеңінен қамтитын болады. Айта кету керек, сайт ағымдағы жылдың соңында іске қосылады, онда 50-ге жуық экспонат ұсынылады.

Кездесу аясында Amanzholov University басшылығы Алтай мемлекеттік университетінің өкілдерімен 3D-форматтағы археологиялық экспонаттардың егжей-тегжейін талқылады. Болашақ сайттың әр қонағы Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай мұражайларындағы түркілердің мәдениеті туралы барлық материалдарды көре алады.

– Біз Алтай мемлекеттік университетімен бірлесіп, «Үлкен Алтай – түркілердің арғы тегі» виртуалды мұражайының сайтын іске қосамыз. Ондағы коллекцияны С.Аманжолов атындағы ШҚУ Алтайдың археология және мәдени мұра мұражайының қорынан экспонаттар толықтырады. Келесі жылға арналған жұмыс жоспарының жаңа кезеңдерін белгілі болды. Біздің базамызда 2018 жылы «Алтайдың археологиясы және мәдени мұрасы» мұражайы ашылғанын атап өткім келеді. Онда Берел мен Ақбауырдан алынған артефактілер сақталған. Елімізде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Біздің университетте осы бағдарлама бойынша Археология бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылады. Сонымен қатар бізді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қолдайды. Тарих, археология, цифрлық гуманитарлық ғылымдар бойынша кадрлар даярлау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда, – деп атап өтті Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры.

Алтай мемлекеттік университетінің музей, археология және этнография директоры Ярослав Фроловтың айтуынша, алдағы уақытта 360° форматтағы виртуалды тур жасалады.

– Жыл соңына дейін «Үлкен Алтай – түркілердің арғы тегі» сайтын іске қосамыз. Онда түрлі мемлекеттер мен өңірлердің мұражайларынан түркі тақырыбы бойынша экспонаттар ұсынылады, – деді Ярослав Фролов. – 360 градус форматындағы виртуалды турлар жобасында түрлі мұражайлардың экспозициялары болады. Кез келген сайтқа кіруші витринаға барып, кез келген экспонатты көре алады.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан университетінің «Алтайтану» ҒЗО ғылыми қызметкерлері «ШҚ Аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығымен» бірлесіп, Хогвартстағыдай екі бірегей 3D-альбом жасағандығын атап өту керек. Алгоритмі – мобильді қосымшаны жүктеп, QR-кодты сканерлеп, кейін виртуалды нысандарды тамашалау. Яғни, қосымшаның көмегімен альбомдағы суреттер өмірге келеді.

– Бұл жаңа шындыққа шығу, біз қарапайым кітаптан күтпеген нәрсе. Альбомның бірінші басылымына Шығыс Қазақстан облысында тұратын он ең көп этникалық топ туралы ақпарат кірді. Көлемді 3D-модельде түрлі этностардың костюмдерін көруге болады, роликтерде – халық билері, сондай-ақ дәстүрлі тұрғын үйлерге виртуалды экскурсия жасауға болады, – деді әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҒЗО бас ғылыми қызметкері Алтайтану Элеонора Столярова.

Екінші 3D-басылымда тәуелсіздік жылдары қайта жаңғыртылған және салынған Шығыс Қазақстан облысының сәулет нысандары бар. Бірегей альбомның арқасында облыстың кез келген бұрышын аларауға болады. Сонымен қатар бірегей басылымдарды мектеп бағдарламасында өлкенің тарихын зерттеу үшін пайдалануға болады немесе облыс қонақтары үшін тамаша естелік кәдесыйы болмақ.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий