«Өзін-өзі тану.kz» – рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін басылым

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының жанынан шығатын «Өзін-өзі тану.kz» журналы 2010 жылдан бері ай сайын жарық көріп келеді. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал беттерінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеялары, мақсаттары мен міндеттері, оның барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде жүзеге асырылуына қатысты басылымдар жарияланатыны баршаңызға мәлім.

Мақсатты оқырмандар аудиториясы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, сондай-ақ бала тәрбиесіне қызығушылық танытатын барлық мамандар. Журнал беттерінде білім берудің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылатын өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық және әдістемелік тәжірибелері, оқу-тәрбие үдерісінің барлық салаларын қамтитын жұмыс нәтижелері жарияланады.

Жарық көрген мазмұнды мақалалар, үздік сабақ әзірлемелері, сабақтан тыс және жобалық жұмыстар, қосымша білім беру, қайырымдылық акциясы, еріктілер қозғалысы және тағы басқа бағыттар бойынша әзірленген материалдар өзін-өзі тану мұғалімдері үшін құнды әдістемелік құрал болып табылады. Журнал педагогикалық қауымды ұлттық білім беру жүйесіндегі өзін-өзі тану бағдарламасын тұтас педагогикалық үдерісіне кіріктіру бойынша іске асырылып жатқан пилоттық жобаның және базалық ұйымдардың жұмыс нәтижелерін насихаттау мақсатында ашық пікірталас үшін жағдай жасайды, тәжірибе алмасуға және өзін-өзі тану бағдарламасының метапәндік рөлін іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздерінің аясында жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелерін таратуға ықпал етеді.

Әрине, республикалық ғылыми-әдістемелік басылым арқылы рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жетістіктері және жаңалықтарымен таныстыру, жаңа үрдістерді қолдауға және өзін-өзі тану бағдарламасын тұтас педагогикалық үдерісіне кіріктіру бойынша зерттеулерінің инновациялық бағыттарын, пән мұғалімдерінің бастамаларын дамытуға қолдау көрсету біздің басты мақсатымыз болып табылады. Басылым «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының өзектілігі мен өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне қосымша көмек ретінде ауыз толтырып айтарлықтай ықпал етіп келеді.

Журнал төмендегідей 7 айдар бойынша сабақ әзірлемері мен мақалалар жариялайды:

  1. Жүректен жүрекке

Бұл айдарда рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы, оның таралу жолдары бойынша жасалған іс-шаралар туралы мақалалар жарияланады.

  1. Кәусәр бұлақ тұнығынан

Бұл айдарда руханилық туралы ілім ретіндегі өзін-өзі танудың жалпы мәселелері бойынша мақалалар, этика-эстетикалық, моральдық-адамгершілік және адам мен қоғам өмірінің басқа да салаларын қамтитын ізгілікті педагогика мәселелері, оның өкілдері туралы және т.б. мақалалар беріледі. Сонымен бірге адамзаттың рухани ұстаздарының өмірі мен қызметіне арналған материалдар да орналастырылады.

  1. Өзін-өзі тану мұғалімнің шеберханасы

Бұл айдарда өзін-өзі тану пәні сабақтарымен қатар, өзін-өзі тануды үйрететін тәжірибелі оқытушылар дайындаған сабақтардың әдістемелік үлгілері жарияланады.

  1. Педагогикалық зертханасы

Бұл айдардың мақсаты – оқырмандарды ұлттық мәдениетті дамытуға, ұлттық өзіндік сананы, халықтық салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртуға ықпал еткен педагогикалық, ғылыми қоғамдастықтың, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен таныстыру.

Сабақтан тыс іс-шараларға және студенттерге бос уақытты ұйымдастыруға (соның ішінде ата-аналарымен) практикалық көмек көрсету үшін ғылыми және әдістемелік сипаттағы материалдар жарияланады. Ата-аналармен жұмыс істеудің нысандары мен әдістеріне (ата-аналар жиналыстары, семинарлар, тренингтер, отбасылық психологтермен, педагогикалық қоғамдастық өкілдерімен, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар, волонтерлер және т.б.) ерекше назар аудару керек. Пилоттық білім беру ұйымдарының тәжірибесін жинақтау, оның ішінде өзін-өзі тану пәнін басқа оқу пәндерімен интеграциялау туралы материалдар қабылданады.

  1. Жеке тұлға

Бұл айдарда өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін ұстаздардың сұхбаттары жарияланады. Ондағы мақсат – өзін-өзі тану пәнінің ерекшеліктер және ата-аналар, оқушылармен жұмыс барысы, ұстаздың тәжірибесі кең көлемде сұрақ-жауап арқылы таныстырылады.

Сонымен қатар педагогикалық қауымдастықта белгілі тұлғалармен сұхбаттар жарияланады.

  1. Өзін-өзі жетілдіру

Бұл айдарда ұстаздарға көмекші құрал ретінде өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзек еткен әрі ұстаздардың ой-өрісіне оң ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды қамтыған материалдар жарияланады.

  1. Фактілер, тенденциялар, талдау

Бұл айдарда біліктілікті арттыру курстарының мониторинг нәтижелері мен білім саласының мониторинг жүйесі – білім беру сапасын бақылау, ақпараттық қамтамасыз етуге бағыттау, өңдеу, талдау, сақтау және тарату жүйесін қамтыған дүниелер жарық көреді. Журналымызда жарық көрген кез келген материалдар ұстаздар мен ізденушілер үшін әрқашан рухани азық болары сөзсіз.

Рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы отандық зерттеуші ғалымдарымыз өз еңбектерінде жиі жазып жүр. Ғалымдарымыздың педагогикалық үдеріске кіріктірілген рухани-адамгершілік тәрбие туралы еңбектерін педагогтерге таныстыру мақсатында редакция ұжымы ынтымақтастыққа дайын екендігін хабарлайды. Алдағы уақытта рухани-адамгершілік білім беру мәселелерімен айналысатын докторанттарды, ізденушілерді, жас мамандарды, оқытушыларды, студенттерді, магистранттар мен ғылыми қызметкерлерді ғылыми мақалаларды жариялауға шақырамыз.

Журналымыздың құрылтайшысы «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтында» ұлттық білім беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік негіздерінің рөлі мен маңызын күшейту мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша базалық және негізгі білім беру ұйымдары қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу; педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру; талдау, мониторинг және педагогикалық өлшемдер; ақпараттық ресурстық сүйемелдеу бағыттары бойынша атқарылып жатқан қызметтері туралы басылым беттерінен таныса аласыздар.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын дамытуға, жаңартылған білім беру мазмұнындағы тың көзқарас пен идеяға негізделген әрі әлеуметіміздегі бала тәрбиесіне байланысты күн тәртібінде тұрған өзекті мәселені қаузаған мақалаларыңызды асыға күтеміз!

Қорыта келгенде айтарым: Сара Алпысқызы салып берген сара жолды бағытымыздан жаңылмай көркем түрде жетілдіре білу – сіз бен бізге жүктелген жауапты міндет деп білемін. Ендеше, әрдайым, сіздердің тың идеяларыңыз бен өзекті мақалаларыңызды басылым бетіне басуға асық екендігімізді қуана жеткізгім келеді.

Егер «Өзін-өзі тану. kz» журналына жазылсаңыз, жыл он екі ай басылымымыздан қызықты әрі соңғы жаңалықтарымызды бірінші болып оқып қана қоймай, автор болуға мүмкіндік аласыз.

Құрметті ұстаздар, журналымызға 2022 жылға жазылу басталды. Журналдың индексі: 74286

Тұрғылықты жеріңіздегі Казпочтаның кез келген бөлімшелері арқылы әр айдың онына дейін жазылсаңыз, келесі айда журнал қолыңызға тиеді.

Біз сіздермен жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз. Журналға материал шығару тегін. Ол үшін тек жазылсаңыздар болғаны.

Журналға материалды төмендегі почта арқылы жолдауға болады: samopoznanie.kz@mail.ru

Майра БЕЛГІБАЕВА,
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Баспа директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий