«Мен – елімнің ертеңімін!» облыстық форумы өтті
Жуырда мектептегі өзін-өзі басқару органдарының, «Жас Ұлан» қозғалысының белсенділерінің қатысуымен «Мен – елімнің ертеңімін!» облыстық форумы өткізілді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған шараны Ақмола облыстық білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Форумның негізгі мақсаты – балалар қоғамдық ұйымдарының рөлі мен мәртебесін жоғарылату, Қазақстан қоғамының және мемлекеттің өміріне балалардың қатысуы бойынша балалар әлеуметтік бастамаларын белсендіру, өскелең ұрпақты жоғары рухани адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және «Жас Ұлан» қозғалысын дамыту.
Форумға 12 ауданнан (Ақкөл, Сандықтау, Ерейментау, Жақсы, Астрахан, Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Бурабай, Атбасар, Зеренді, Біржан сал) және 2 қаладан (Көкшетау және Степногорск) 98 белсенді қатысты. Форум қатысушыларын Ақмола облыстық білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының м.а. Алдабергенова Аягөз Жүнісқызы құттықтады.
Форум жұмысына Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әлеуметтік-педагогикалық бағыт бөлімінің басшысы Салтанат Салбенбекова Дәулетханқызы, сондай-ақ Ақмола облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Назерке Жамалиева қатысты.
Есіл, Бурабай, Атбасар аудандары мен Көкшетау қаласының көшбасшылары мектептің өзін-өзі басқаруын және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымын дамыту бойынша пікір алмасты. Қатысушылар форум жұмысына белсенді қатысып, сұрақтар қойып, балалардың өзін-өзі басқаруының даму көріністерімен бөлісті.
Загрузка...