Ақмолалық жас ұстаздар республикалық педагогикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Өскемен қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Іс-шара ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау. Педагогикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған 95-тен астам мұғалімнің ішінде Ақмола облысының 5 жас жеңімпаз педагогі қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Атбасар қаласындағы №5 жалпы орта білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Бахтияр Матчанов ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2 дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен үш педагог марапатталды. Олар: Көкшетау қаласындағы әл-Фараби атындағы IT лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Еламан Кенжебаев, Жарқайың ауданына қарасты Державинск қаласының Н.Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Аслан Манатов, Жақсы ауданына қарасты Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері Менсулу Нуржанова. Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий