Ақмолалық оқушылар Алматы қаласындағы зияткерлік байқаудан жүлдемен оралды

Қарашаның 3-5 күндері аралығында Алматы қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IV республикалық зияткерлік байқауы өтті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған зияткерлік дода қазақтың алғашқы ұстазы, ұлт ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойларының аясында ұйымдастырылған. Іс-шара туған елі мен жерінің тарихына аса қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға, олардың шығармашылық қабілеттерін, қоғамдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Байқауға республика бойынша 84 оқушы қатысты.

Ақмола облысының құрамасын республикалық байқауда облыстық кезеңнің жеңімпаздары таныстырды. Олар: «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Мадияр Кабдуллин, «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Атбасар ауданындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Нұржан Мұратов, «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Фариза Кажмуканова, «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Щучинск қаласындағы ІТ «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мариям Сагателян.

Байқау қорытындысы бойынша Мадияр Кабдуллин, Фариза Кажмуканова – күміс медальмен, Нұржан Мұратов, Мариям Сагателян – қола медальмен марапатталды. Құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий