Lesson Study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі

Педагогтердің ғылыми-зерттеу, шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасау – мектеп әкімшілігінің басты міндеті. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 орта мектепте Lesson Study әдісі 2019 жылдан бастап оқу процесінде қолданылуда.

Lesson Study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі. Біз өзіміздің тәжірибемізде Lesson Study-ды қалай ұйымдастырғанымыз, зерттеу сұрақтарын қалай анықтағанымыз туралы ой бөліспекпіз. Алдымен Lesson Study-дың зерттеу сұрақтарын анықтамас бұрын топтарды құрып алдық. Топ мүшелері Lesson Study өткізілетін сыныптарды сауалнамалар алу және оқу сапасы көрсеткіштері негізінде анықтап алды.

Биылғы оқу жылында 5 «Д» сыныбында «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалай дамытамыз?», 6 «Ж» сыныбында «Оқушылардың айтылым дағдысын арттыру», 7 «Б» сыныбында «Сабақ барысында оқушылардың жеке жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру», 8 «В» сыныбында «Топтық жұмыс оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға ықпал етеді ме?» деген зерттеу сұрақтарын алдық. Аталған сұрақтар несімен құнды, несімен маңызды? Біріншіден, оқушыларға коммуникативтік дағды қалыптастыруымыз керек. Оқушылардың көбі өз ойын жеткізе алмайды. Диалогқа түсе алмайтын жағдайлар көп кездеседі. Диалогтік оқыту – белсенділікті, бәсекелестікті тудырады. Ал пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

Lesson Study өткізу барысында белсенді емес оқушының мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарту арқылы айтылым дағдысын қалыптастыра алсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып, сабағымызды жоспарласақ, жеке тұлға тәрбиелей алатынымызға күмән жоқ.

Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Lesson Study мұғалімдердің ынтымақтастығын арттырады. Сабақты зерттеу аясында тәжірибемен алмасу және әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Жаңа педагогикалық технологиялар мен стратегияларды меңгереді.

Ернұр ОМАРХАНОВ,
Қаныш Сәтбаев атындағы №61 орта мектеп директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий