Қарағанды облысындағы ауыл мектебі 1 млн теңгеге жабдықталды

Қарағанды облысындағы ауыл мектебінің мұғалімі Гура Лидия 1 млн теңгенің грантын алды. Оның білім беру үрдісі мен оқушылардың сыныптан тыс талпынысын жақсарту жөніндегі жобасы «Barine Bilim» мұғалімдерге арналған шағын гранттар бағдарламасы финалистерінің қатарына кірді.

Оның бастамасы «Краснонива негізгі орта мектебі» КММ спорт залын жабдықтауға бағытталған. Онда 1 млн теңгеге мектеп оқушыларына арналған барлық қажетті спорттық құрал-жабдықтар: баспалдақтар, турниктер, қырлы бөренелер мен арқандар, күрес кілемдері, күреске арналған манекен, теннис үстелі, шахмат, тоғыз құмалақ, қазақ күресіне арналған кимоно, сондай-ақ волейбол, баскетбол, футбол жабдықтары және тағы басқа керек-жарақ сатып алынды.

– Біздің мектеп соншалықты үлкен емес, мұнда 50-ге жуық оқушы оқиды. Өкінішке қарай, бұрын қаржыландыру деңгейі жеткіліксіз болды – спорт залымызда керекті жабдықтар өте аз болды. Бірақ балалардың спортпен шұғылданып, белсенді болуының маңызы зор. Бұл – оқушылардың үлгерім бойынша көрсеткіштеріне әсер етеді. Сондықтан менің жобам осы мәселеге арналған. Оқушыларға жаңа спортзал өте ұнады, – дейді Қарағанды облысы «Краснонива негізгі орта мектебі» КММ оқытушысы Гура Лидия.

«Barine Bilim» жобасы осы жылдың қыркүйек айында «National Teacher Prize Kazakhstan» – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» аясында басталған. Global Teacher Prize халықаралық сыйлығы аясында қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаеваның бастамасымен «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы жобасы жүзеге асырылды. Осы сыйлық шеңберінде Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Асхат Жұмабеков әлемнің ең үздік 50 мұғалімінің қатарына енді.

Жоба шеңберінде негізінен ауылды жерлердегі 30 педагог іріктеліп алынған. Олардың мектептері білім беру үрдісі мен сыныптан тыс талпынысты жақсарту үшін барлық қажетті заттармен жарақтандыру арқылы 1 миллион теңге мөлшерінде шағын гранттар алады. Жобаға Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры қолдау білдірді. Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан қайырымдылық жобаларын іске асыратын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып отыр.

– Жоба ауыл мектептерінің «кемшін тұстарын» біліп қана қоймай, сонымен қатар осы өзекті мәселелерді педагогтердің өздері, осы мектептерде тікелей жұмыс істейтіндер, яғни мектептің қажеттіліктері туралы білетіндер ұсынған бастамалардың арқасында нақты шешім табуымен ерекше. Біз бұл жобаны іске асыруға корпоративтік секторды тарта алғанымызға қуаныштымыз, өйткені орталықтың тарихында бұл – осындай алғашқы тәжірибе, – деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас.

Қараша айының басынан бастап үш грант аясында Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының ауыл мектептерінің жеңімпаздарына жабдықтар, спорт жабдықтары және тағы басқа керек-жарақ берілді. 10 желтоқсанға дейін қалған гранттар Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының басқа да қатысушыларына, педагогтеріне табысталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий