Құрылыс өндірісін қарқынды дамытудың маңызы
Құрылыс саласы еңбек сыйымдылығын көп қажет ететіндіктен жергілікті халықты жұмыспен қамтиды және салынған инфрақұрылым үй шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларының әрекет етуіне қажет. Осы кезге дейін Қазақстан экономикасының өсуінің үлкен бөлігі шикізат салаларының ықпалымен қуатталды, бірақ аталмыш саланың әлеуеті іс жүзінде өзін тауысты. Елге жетілу және дамудың жаңа бастаулары керек.
Қазақстан экономикасының диверсификациялануы соңғы уақытта өткір сезілуде. Алайда экономика саласының дамуы елдегі ішкі инфрақұрылымдарға байланысты. Сондықтан әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымның қалыптасуының негізі саналатын құрылыстық саланың әлуетін арттыру мәселесі өзекті. Бүгінде Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру болып отыр.
Бұл күндері өндіруші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті ірі экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өндіру, сондай-ақ өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандарттарын енгізу керек, құрылыс саласын серпінді дамыту үшін жағдай жасап, халықтың қалың қауымы, соның ішінде әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй құрылысы қарқынын арттырудың маңызы жоғары.
Жеке тұрғын үй құрылысы жоба бойынша жүзеге асырылады. Жобада тұрғын үйлерге арналған ең төменгi мемлекеттiк қалыптар мен стандарттардан кем болмайтын қауiпсiз тұру шарттарына сай келетiн конструкциялық және жоспарлау шешiмдерi көрсетiледi. Тұрғын үйдi, басқа да құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану және осы мақсатқа жұмсалған шығында, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қоныс учаскесiнiң шегiндегi аумақта инженерлiк қорғау жөнiндегi қажеттi шаралар (бұл талап етiлетiн жерде) үшiн жеке тұрғын үйдi меншiктенушi жауапты болады.
Қазіргі таңда тендер тиімсіз, себебі қаражатты тендер арқылы ұтып алғанмен, ол бөлінген ақша толықтай құрылыс жұмыстарына жұмсалмауының салдарынан сапасыз құрылыс нысандары көбеюде. Қала құрылысын жоспарлау мен ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау, қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес бөлімдерін үйлестіруді қамтитын қалалар мен елді мекендерді кешенді жоспарлауға және аумақтағы барлық объектілердің экономикалық, шаруашылық, табиғи және құқықтық жағдайлары туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау және жаңартып отыру жөнінде біртұтас ақпараттық басқару жүйесін құруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрылыс саласындағы заманауи технологияларды, мысалы: ғимараттар мен құрылыстарды жаңғырту үшін жаңа материалдардан жасалған конструкцияларды пайдалану, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кеңселерді, тұрғын үйлерді сумен, кондиционермен жабдықтау бойынша заманауи шешімдерді қолдану және т.б. жақсы білетін, оларды сала ішінде ілгерілететін және оларды нақты жобаларға енгізетін маман сұранысқа ие.
Гүлбану ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
