Тоғызқұмалақ турнирі еліміздің барша зияткерін жинады

Тоғызқұмалақ онлайн-спартакиадасы еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 90 үздік ойыншысын жинады. Үш күндік тартыста қатысушылар үш жас санаты бойынша жарысқа түсті, – деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.

Турнирдің ең кішкентай қатысушысы, Халықаралық мектептің оқушысы Нұрсара Төлегенова 9 жаста. Тоғызқұмалақтың қыр-сырын оған әкесі үйреткен. Кішкентай Нұрсара ұлттық ойынды ойнай білу әрбір қазақ үшін маңызды деп есептейді.

̶ Тоғызқұмалақ ойнауды неғұрлым көп жастарымыз үйренсе, соғұрлым рухани мұрамызды сақтап, дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе аламыз, – деп бөлісті 10-сынып оқушысы Нұрсәуле Есбол.

Төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын математикалық ойлауды, логиканы, шыдамдылық пен тапқырлықты дамытады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий