Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов пен Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспасөз қызметі.

Меморандумның мақсаты – университет студенттеріне кәсіби дағдыларды дамытуға, білім алушылардың тағылымдамадан өтуі мен түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету, жастар саясаты саласындағы тиімді ынтымақтастық есебінен зияткерлік элитаны қалыптастыруға бағытталған басымдықтарды, бірлескен мәдени-білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру.

Меморандум аясында өскелең ұрпақтың азаматтық санасын қалыптастыру үрдісін ғылыми-талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету және жалпы және қосымша білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; нысаналы әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру; тараптардың қызметін жақсартуға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды дайындау және жүзеге асыру; білім, ғылым және мәдениет салаларында тәжірибе мен біліммен, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын ақпаратпен алмасу көзделген.

Дархан Біләлов Абай университеті еліміздің педагогикалық білімінің флагманы ретінде мектептермен өзара әрекеттесу мақсатын қоятынын баса айтты. Ректордың айтуынша, ынтымақтастық аясы өте кең.

– Қаланың 9 мектебінде кафедра өкілдіктері бар, біздің оқытушыларымыз жыл сайын форумдар мен семинарлар өткізеді және бұл жұмыс жалғаса берері сөзсіз. Соңғы екі жылда біздің педагогтер мектептерге арналған 800-ден астам оқулық дайындады. Педагог кадрларды даярлау инновациялық нысанда дуалды білім беру элементтерін пайдалана отырып жүзеге асырылады, оның аясында 4-курста үздіксіз практика жүргізіледі. Бізде білім беруді дамытуға және білім беру ұйымдарын біріктіретін педагогикалық қолдауға бағытталған бірқатар идеялар бар. Біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыз осы бағытта жалғасады деп сенемін, – деді ректор.

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева тараптар дуалды тәжірибені кеңейтетінін айтып, «Информатика-робототехника» білім беру бағдарламасы мамандарының қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» мақсатына сәйкес университеттің жан-жақты практикалық дамуын жақсарту үшін «ЖОО + мектеп = жоғары сапалы маман» жобасын жүзеге асыру ұсынылды.

Меморандум аясында «ЖОО + мектеп = сапалы маман» және «Болашақ педагог» жобаларын іске асыру ұсынылды. Бұл жобалар орта білім беруді дамытуға бағытталған, ведомстволық бағыныстағы мектептерден 3 бағыттағы мектептер анықталып, анықталған мектептердің әлсіз тұстары талданады. Университет тарапынан жұмыс тобы құрылып, мектептің әр бағыты бойынша дамыту жұмыстары жүргізілетін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий