Қызылордалық NIS құрамасы – тоғызқұмалақ ойынының шебері

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өткізілген тоғызқұмалақтан желілік сайыста қызылордалық өрендер тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Бір алтын және бір қола медалін қанжығалаған ойыншылар командалық есепте екінші жыл қатарынан чемпион атанды, – деп хабрлайды НЗМ баспасөз қызметі.

Қазақтың ұлттық ойынынан желілік сайыс қараша айының 1-3 аралығында PlayOk платформасында онлайн түрде өткізілді. Қызылордадағы NIS-тің намысын Жұлдызай Мұнайтбасова (10-сынып), Досымжан Райымбек (11-сынып), Азамат Алтынбеков (7-сынып) және Жансая Досық (8-сынып) қорғады. Сыр бойылық зияткерлер еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 90 ойыншымен бірге жүлделі орындарға таласты. Нәтижесінде 10-12 сыныптар арасында Досымжан 3-орынды иеленсе, Жұлдызай жеңімпаз атанды.

– Тоғызқұмалақ логикалық ойлауымызды арттырып, математикалық дағдыларымызды дамытады. Ойында жеңіске жетуде есептеу жылдамдығы ғана маңызды емес, сонымен қатар дұрыс тактиканы қолдана білу қажет. Бұл спортпен 8 жасымнан бастап айналысамын. Бірнеше рет турнир жеңімпазы атандым. Әр ойында өзімнің қабілетімді шыңдап, қарсыластарымнан мол тәжірибе аламын, – дейді Жұлдызай.

Айта кету керек, сыр бойылық оқушылар бұл спартакиаданың жыл сайынғы жеңімпаздары. Өткен жылы да NIS құрамасы жеңіс тұғырынан көрініп, жалпы камандалық есепте үздік команда атанған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий