Ақмола облысында оқушылардың шығармашылық байқауы аяқталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыстық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылығы байқауы өтті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сайысты облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды. Іс-шара балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал етуге, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасуға бағытталған. Байқауға барлығы 16 аудан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан оқушылар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар орындаған жұмыстар әртүрлі техникалармен және қызықты композициялық әдістермен ерекшеленді. Байқауға 150-ден астам жұмыс қатысты: жазықтық және көлемдік-кеңістіктік шығармашылық жұмыстар. Қазылар алқасы Көкшетау университетінің Ш.Уәлиханов және Жоғары азаматтық қорғаныс көпсалалық колледжінің оқытушыларынан тұрды. Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар 6 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.

«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясында 1-орынға Гүлсім Тулегенова (Жақсы ауданының «Оқушылар үйі» КММ), 2-орынға Анастасия Фрошалова (Атбасар ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі), 3-орынға Ақниет Нұрсұлтан (Ерейментау ауданы, Торғай ауылының ЖББМ) ие болды.

«Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясында 1-орынды Никита Морозов (Жақсы ауданы, К.Өскенбаев атындағы ЖББМ), 2-орынды Жасмин Курмангужина (Бурабай ауданы, «Арман» БЖШО), 3-орынды Дарья Романенко (Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ) иеленді.

«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясында 1-орынды  Тимур Буздуган (Жақсы ауданы, Жақсы ауылындағы №2 ЖББМ), 2-орынды Айбек Абылкасов (Астрахан ауданы, Астраханка ауылының БЖШО), 3-орынды) Юлия Пиц (Аршалы ауданы, Аршалы кентінің №2 ЖББМ қанжығасына байлады.

«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында 1-орынға Салихжан Мухамеджанов (Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ), 2-орынға Ерасыл Абильхамитов (Қорғалжын ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі), 3-орынға Аяужан Ақтансері (Ерейментау ауданы, Ерейментау ауданы, Торғай ауылының ЖББМ) лайық деп танылды.

«Матадан жасалған бұйымдар» номинациясында 1-орын Ангелина Рожковаға (Степногорск қаласындағы Л.Н. Толстой атындағы №4 МГ), 2-орын Маргарита Жарковаға (Сандықтау ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі), 3-орын Аяулым Қабылбековаға (Зеренді ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі) бұйырды.

«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясында 1-орынды Анна Гуренко (Аршалы ауданы, Аршалы кентінің БЖШО), 2-орынды Вероника Николаева (Зеренді ауданы Еленовка ауылының ЖББМ), 2-орынды Әлнар Нұрланбек (Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының ЖББМ), 3-орынды Владимир Чернов (Зеренді ауданы, Өркен ауылының ЖББМ), 3-орынды Дамир Омаров (Есіл ауданы, Есіл қаласының №2 ЖББМ), 3-орынды Сабина Нұржан (Көкшетау қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі) жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының Дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, олардың жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий