Мектептегі мерекенің маңызы

Білім ордасында оқушыларды тәрбиелеудегі негізгі бағыттың бірі – мейрамдар. Мейрамдардың тақырыптық ерекшеліктеріне байланысты балалар жан-жақты дайындалады. Мерекелік шараларды ұйымдастыра отырып, мұғалім ретінде, оқушылардың дамуын әр түрлі жолмен жүзеге асыруға болады.

Айталық, музыкалық тәрбие – оқушыларға эстетикалық, талғамдық тәрбие беру ісінің негізгі салаларының бірі болып саналады. Ондағы басты мақсат – түрлі музыкалық іс-шараларды (есту, қабылдау, орындау, шығармашылық, музыкалық біліктілігін, сауаттылығын арттыру) біртіндеп меңгерту арқылы баланың табиғи қабілетін дамыту. Халықтық тәрбие беру барысындағы іс-әрекеттерге ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, тарихы тұлғалармен таныстыруды жатқызуға болады.

Оқушылардың бойында, сонымен қатар, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, күйші-композиторлардың өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды да ескерген жөн. Мейрамдарды ұйымдастыруда қойылымның да маңызы ерекше. Сол арқылы оқушыларды адамгершілікке жетелеп, жағымды кейіпкерлерден үлгі-өнеге алуға, жағымсыз бейнелер арқылы жамандықтан жиренуге, достыққа, қамқорлыққа үйретуге болады. Осындай іс-әрекеттерді мерекелік шаралардың мақсатымен ұштастыруда музыка мұғалімінің еңбегі зор.

Бекзат ЖУСУПБЕКОВА,
№20 ЖОББМ музыка мұғалімі,
БҚО, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий