«Балдәурен-Түркістан» РОСО орталығына үш жыл

Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2018 жылдың тамыз айының 15-інен бастап өз жұмысын жүргізіп келе жатқан «Балдәурен-Түркістан» орталығының өзіндік сырға толы ерекше тарихы бар. Осы сырға толы тарихи өңірде Нысанбек ауылы орналасқан. Бұл өңірде бұрыннан қапал руы тұрады.

Қапал – Дулаттан тараған Жаныстың баласы. Осы жөнінде Шоқан Уәлихановтың «Ұлы Жоңғария очеркі» деген еңбегінде мәліметтер берілген. Орталық территориясы арқылы тарихы тереңде жатқан Тоғыс өзені ағып өтеді. Өзеннің «Тоғыс» деп аталуы да тарихтан үлкен сыр шертеді. Тарихына тоқталар болсақ, жаугершілік заманда қазақ пен жоңғар арасындағы шапқыншылық кезінде жоңғар қонтайшысы Қалдан Церенге қарсы осы өзен маңында қазақ әскерлері тоғысып, күш біріктіріп, үлкен жеңіске жетеді. Жеңіске жетуге үлес қосқан осы өзен – «Тоғыс өзені» деп аталып кеткен. Өзеннің бірінші бастауы – «Қайнар», екіншісі – «Шайдана» деп аталады. Сонымен қатар «Балдәурен-Түркістан» орталығы өлкесін мынадай кереметтей тарихи орындар алып жатыр. Атап айтар болсақ Сарқырама, Диірмен (осы жерде Алатау тау шаңғысы орналасқан), Ордақонған, Үйген тас, Ақ тас, Қабанбай сай, Күйген арша, Тоғыстың төрі, Үш сала және т.б.

«Балдәурен-Түркістан» орталығыны ашылған жылы қыркүйек айының 30-ы күні еліміздің әр өңірінен: Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысынан демалушы балалар келіп жатты. Ал 2018 жылғы қазан айының 3-інде «Балдәурен-Түркістан» орталығында алғашқы ауысымның салтанатты түрде ашылуы өтті. Орталық осы күннен бастап балалардың қабілетін шыңдайтын, балалардың бас қосып, достасып, келешекте үлкен ғылым әлеміне жол сілтейтін ізгі арнаға айналып келеді.

Бүгінге дейін «Балдәурен-Түркістан» орталығында 12 мың 740 бала демалып, білім алып, өз отбасының ортасына, ата-аналарына аман-есен оралуда. Күнделікті балалар іс-шаралар, ойын-сауықтар, спорттың көптеген түрлерімен айналысып, тау бөктерінің таза ауасымен еркін тыныс алуына жағдай жасайтын жастар тобы, ұстаздар тобы, психолог, дәрігерлер және де басқа да қызметкерлер көмегін аямауда. Биыл орталық бассейніне күрделі жөндеу жүргізіліп, айналасы тазартылып, жолдар жаңартылды. Орталықта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт пен туризмді насихаттау барысында спорт нұсқаушыларымен бірігіп жаяу туризм, тауға саяхат, атпен серуендеу орталығымызда дамып келе жатыр.

Үстіміздегі жылы орталығымызда «Біз тәуелсіз елміз» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуы мерекесіне орай «Балдәурен-Түркістан» РОСО филиалы қызыметкерлері арасында 5 шақырымға ұзақ қашықтыққа жүгіру марафоны болып өтті. Нәтижесінде ерлер арасында медицина қызыметкері Нұрбек Торебек 1-орын иегері атанса, қыздар арасында жүлделі бірінші орынға жастар арасынан Элвира Таразы ие болды. Сонымен қатар «Балдәурен-Түркістан» РОСО филиалының 3 жылдығына орай отбасылық қызыметкерлердің арасында «Балдәурен» отбасылық көңілді спорттық сайысы ұйымдастырылды.

Сайысқа орталық қызыметкерлерімізден 14 жұп таңдап алынып, қатыстырылған болатын. Сайыс барысында басқа жұптарды артқа тастап, жүлделі бірінші орынды білім кешені ұстаздары Бекжан Ермекбай мен Роза Ергеш иеленді. Алдағы уақыттарда орталығымызда «Қазақстан – бірліктің бастамасы. Түркістан – түркілердің астанасы» концерттік бағдарламалары жоспарлануда.

Есқали УМИРЗАХОВ,
«Балдәурен-Түркістан» РОСО филиалы Білім кешенінің директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий