ҚызПУ-дың 11 студенті Президенттік шәкіртақы иегері атанды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 11 студенті ҚР Президентінің шәкіртақысына ие болды. Президенттік стипендия биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап оқу үлгерімі «өте жақсы» және Университеттің қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленген білім алушыларға тағайындалып отыр, – деп хабарлайды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Шәкіртақы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кеңес мәжілісінің 30.07.2021 жылғы №10-1 хаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы маусымның 29-ындағы №309 бұйрығына сәйкес беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы иегерлерінің тізімі:

Балжан Бектұрғанова – «Кітапхана ісі» мамандығының 4-курс студенті;
Анель Руслан – «Кітапхана ісі» мамандығының 4-курс студенті;
Несібелі Күмісбек – «Кітапхана ісі» мамандығының 4-курс студенті;
Ақтоты Толықбаева – «Кітапхана ісі» мамандығының 4-курс студенті;
Мәдина Тайтөлеуова – «Кітапхана ісі» мамандығының 4-курс студенті;
Роза Әбілқасым – «Кітапхана ісі» мамандығының 4-курс студенті;
Зәуре Бекенова – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4-курс студенті;
Аружан Құрманжан – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4-курс студенті;
Рената Альшимбаева – «Хореография» мамандығының 4-курс студенті;
Лобархан Насирова – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенті;
Екатерина Горбуличева – «Химия» мамандығының 4-курс студенті.

Құттықтаймыз!

Алдағы уақытта Президенттік стипендия иегерлері туралы толығырақ ақпараттар сериясын жариялайтын боламыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий