Ақмола облысында лингвистикадан Республикалық іріктеу олимпиадасының екінші кезеңі өтті

Жуырда 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өткізілді. Іс-шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиаданың мақсаты – қолданбалы лингвистика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау. Олимпиадаға бірінші (аудандық) кезеңнің жеңімпаздары, математика және қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Бурабай, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалалары және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 15 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Елдана Балсеит І орынды жеңіп алды. Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Татьяна Изотова ІІ орынға ие болды. Бурабай ауданы жалпы білім беретін Баянбай ауылы мектебінің 10-сынып оқушысы Арина Крылова ІІІ орынды иеленді.

2021 жылдың қараша айының 22-сінде онлайн режимде өтетін Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңіне Елдана Балсеит пен Татьяна Изотова қатысады. Жеңімпаздарымыздың республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінен олжалы оралуларына тілектеспіз!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий