Ақмола облысында үздік бастауыш сынып мұғалімі анықталды

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсы өткізілді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Конкурстың мақсаты – оқу-тәрбие үрдісінде заманауи инновациялық білім беру технологияларын қолданатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру. Конкурс қорытындысы бойынша 1-орынды Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Лихачева жеңіп алды. Жүлделі 2-орынға Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қазына Шаяхметова ие болды. Ал 3-орынды Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекзат Хамзина иеленді.

«Үздік бейне сабақ» номинациясын Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ольга Забавко жеңіп алды. Келесі «Үздік портфолио» номинациясы бойынша Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Киселева ұтып алды. Ал «Үздік эссе» номинациясы бойынша Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шыңғыс Ануаров марапатталды. Сонымен қатар 20 педагог конкурсқа қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий