Талдықорған қаласындағы НЗМ: «Тәуелсіздік – тұғырым» атты семинар өтті

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты оқу-әдістемелік семинары өткізілді, – деп хабарлайды Талдықорған қаласындағы НЗМ баспасөз қызметі.

Семинарға Талдықорған қаласының білім беру ұйымдарының АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары мен Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мамандары қатысты. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні жастардың бойында азаматтық таным, ҚР-ның Тәуелсіздігін қорғау, әскери дағдыны қалыптастыру мен әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті ұғынуға тәрбиелейтін басты міндеттерді шешетіні айқын.

Семинар екі қатарлық сапқа тұрумен басталып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жетістіктермен алдағы бағыттар мен белестер жөнінде баяндама жасалды. Артынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Айбат Куанышбаев АӘТД пәні бойынша ұйымдастыру және жоспарлау құжаттарымен таныстырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің АӘТД пәні бойынша оқу материалдық базасын көрсетті.

Сондай-ақ семинар барысында саптық дайындық бойынша, атуға ыңғайлануға жаттығу тәжірибелік сабақтары да өткізілді. Семинар соңында кері байланыс сауалнамасы алынып, семинардың пайдасы зор екендігін қатысушылар мектеп әкімшілігі мен ұжымға өздерінің алғыстарын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий