Білім және ғылым министрі педагогтерді артық есептіліктен босатуды тапсырды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді артық есептіліктен босатуды тапсырды. Еліміздің бас педагогі қолданыстағы ережелерге қарамастан, бір мектепте сынып жетекшісінен 19 тармақ бойынша ақпарат талап етілгеніне назар аударды, – деп жазады Білім және ғылым министрлігінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
– Әсіресе, сынып жетекшілері бойынша, түрлі ойға қонымсыз құжаттарды кіргізген. Бір мектепке сынып жетекшісіне ғана 19 құжатты енгізіп қойған. Осы мәселе бойынша тиісті жауапкершілікке тартуды тапсырамын. Көп құжаттар электронды форматта бар, оның бәрін басып, жинап қойғаннан не пайда. Қажет емес, тіпті түсініксіз ақпаратты сұрайсыздар, – деп атап өтті Асхат Қанатұлы өз сөзінде.
Ведомство басшысы білім басқармаларына бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды. Егер артық есептіліктен босату бойынша тапсырма орындалмаса, мектеп директорлары ғана емес, сонымен қатар білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары да жауапкершілікке тартылатын болады.
Загрузка...