Амира мен Арман – желілік жарыс жеңімпаздары
Зияткерлік мектептер арасында жыл сайын өтетін спартакиада төрт мың жылдық тарихы бар ұлттық ойынды насихаттап, көпшіліктің қызығушылығын оятты. Дәстүрге айналған турнир жыл сайын NIS жүйесіндегі мықты ойыншыларды анықтайды, – деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.
Күзгі каникул күндері PlayOk платформасында өткен қызу сайыста Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептінің атақты ойыншылары Болат Юсуф, Жанел Мадраимова, Арман Ержан және Амира Хианова ойнау шеберлігін сынға салды. Ойыншылардың бәрі тоғызқұмалақ ойынымен көптен әуестенеді, төртеуі де түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып жүрген тәжірибелі ойыншылар.
Тоғызқұмалақтан өткен NIS желілік спартакиадада топтық есеп бойынша елордадағы физика-математика бағытындағы NIS құрамасы II орынға ие болды. Команда құрамында ойнаған Арман Ержан мен Амира Хианова ұлттық логикалық ойында шеберліктерін көрсете білді. Жеке есепте 2021 жылдың жүлдегерлері қатарында III орын алған Арман Ержан марапат мәре тұғырынан көрінді.
Загрузка...

