Мектептегі мерекенің маңызы

Оқушыларды  тәрбиелеудегі  негізгі   бағыттың  бірі – мейрамдар. Мейрамдардың тақырыптық   ерекшеліктеріне   байланысты оған балаларды   жан – жақты   дайындау   қажет.  Мерекелік шараларды ұйымдастыра отырып, мұғалім ретінде оқушылардың дамуын әр  түрлі жолмен жүзеге   асыруға болады.

Айталық,  музыкалық тәрбие оқушыларға эстетикалық, талғамдық  тәрбие беру   ісінің негізгі  салаларының бірі болып саналады. Оңдағы  басты мақсат – біртіндеп   түрлі  музыкалық іс-шараларды (есту, қабылдау, орындау, шығармашылық, музыкалық біліктілігін, сауаттылығын  арттыру) меңгерту  арқылы  баланың  табиғи талантын дамыту.

Халықтық   тәрбие   беру  барысындағы іс – әрекеттерге  ұлттық   салт – дәстүрлерді  жаңғырту,  тарихи  тұлғалармен  таныстыруды жатқызуға болады. Ұлттық  өнерге  деген  сүйіспеншілікті қалыптастыру, күйші – композиторлардың  өмірі және шығармашылығымен таныстыруды да ескерген жөн.  Мейрамдарды  ұйымдастыруда  қойылымның да маңызы ерекше.

Сол арқылы оқушыларды адамгершілікке жетелеп, жағымды кейіпкерлерден  үлгі – өнеге алуға  жағымсыз бейнелер арқылы  жамандықтан  жиренуге, достыққа, қамқорлыққа   үйретуге болады. Осындай   іс – әрекеттерді   мерекелік  шаралардың мақсатымен ұштастыруда музыка мұғалімінің еңбегі зор.

Бекзат Койшибаевна ЖУСУПБЕКОВА,
№20 орта білім беру мектебінің
музыка пәні мұғалімі, Батыс Қазақстан
облысының Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий