НЗМ: Сұлтан – Президенттік олимпиаданың қола жүлдегері

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша өткен ХІV Президенттік олимпиадада Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сұлтан Қани жүлделі 3-орынды иеленді, – деп хабарлайды Қызылорда қаласындағы НЗМ баспасөз қызметі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған білім бәйгесіне еліміздің ең үздік 183 оқушысы қатысты. Жас дарындылар математика, физика, химия және биология пәндерінен тапсырмалар орындап, білімдерін сынады.

Сыр бойылық зияткер NIS құрамасында мектеп намысын сәтті қорғап, жүлделі орындардан көріне білді. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Атырау қаласындағы мұнай және газ университетінің білім гранттарын жеңіп алды.

– Бұл олимпиадаға мен бар күш-жігерімді салып дайындалдым. Мектеп пен мұғалімдер маған үлкен қолдау көрсетіп, пән бойынша білімімді арттыруға үлкен септігін тигізді. Сол үшін ерекше алғысымды айтамын, – дейді жүлдегер.

Айта кетейік, Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий