Студенттер пікірсайыс алаңында бас қосты

Халықаралық студенттер күніне орай БҚО білім басқармасымен Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Жастар жалыны» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Студенттерге пікірсайыс технологиясы арқылы қосымша білім беру мақсатында өткен турнир қорытындысы бойынша «Үздік төреші» аталымымен Қоблан Ермекбаев пен Аңсағаным Хамидуллина, «Үздік спикер» аталымымен Мадияр Қобландиев, «Үздік талпыныс» аталымымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Жанша» фракциясы, жүлделі III орын Бөрлі колледжінің «Оян, қазақ!» фракциясы, жүлделі II орынды Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің «Жастар» фракциясы, жүлделі I орынды Республикалық жоғары техникалық колледжінің «Өрлеу» фракциясы иеленсе, «Ақиқат пікірталас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің арнайы жүлдесін Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі иеленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий