ЕҰУ студенті радиотехника, электроника және телекоммуникация бойынша ХІІІ Республикалық студенттік олимпиадада жеңімпаз атанды
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің 3-курс студенті Бекзат Аманжолов «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды ЕҰУ баспасөз қызметі.
Бекзат «Электр байланысының теориясы», «Электрондық және өлшеуіш техника негіздері», «Электр тізбектерінің теориясы» пәндері бойынша есептер шығаруда Қазақстанның 11 жоғары оқу орнынан келген 31 студенттің арасынан үздік атанды.
Олимпиадаға Еуразия ұлттық университетінің атынан «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының студенттері Нұрай Ақышева мен Аймырза Серіков қатысты. Айта кетейік, ЕҰУ студенттері 2014 жылдан бастап республикалық көлемдегі пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.
Загрузка...