Қарағандылық NIS оқушысы Президенттік олимпиаданың алтын медалін иеленді

Қарағандылық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Алишер Кабардияди жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен ХІV Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Қарағандылық НЗМ баспасөз қызметі.

Олимпиаданың қорытынды туры Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті. Республикалық білім додасында барлық өңірден келген 182 оқушы бақ сынасты. Олимпиадаға 11-12 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға төрт пән бойынша тапсырмалар берілді: математика, физика, химия және биология. Зияткерлік жарыс аймақтық, іріктеу және республикалық – үш кезең бойынша өтті.

Іріктеу кезеңінде Әлішер 396 оқушы арасында жалпы рейтингте екінші орын алып, жоғары академиялық білімін көрсеткен еді. Республикалық кезең  қорытындысы бойынша да зияткер үздік шығып, І дәрежелі дипломға және алтын медальға ие болды.

– Маған олимпиаданың атмосферасы ұнады: достық қарым-қатынас, сонымен қатар жарыстың рухын сезіндім. Нәтижеге көңілім толды, десе де бағындырар белес әлі алда, – деп ой бөлісті Алишер. Сонымен қатар Satbayev University мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті өкілдері Алишерге толық грант табыс етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий