НЗМ: Жандос Байкаримов – Президенттік Олимпиаданың қола жүлдегері

Қарағанды қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIV Президенттік олимпиадасы қорытындыланып, Павлодар қаласындағы NIS оқушысы қол жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Павлодар қаралсындағы НЗМ баспасөз қызметі.

Қатысушылардың арасында Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Жандос Байкаримов те бар. Олимпиада Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің базасында ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 180-нен астам оқушы математика, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынады.

Павлодарлық зияткер Жандос Байкаримов мектебіміздің намысын қорғап, NIS құрамасында болып жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білім гранттарын жеңіп алды.

– Бұл олимпиада мен үшін өте маңызды болды. Сондықтан оған көп дайындалып, барлық күш-жігерімді салдым. Осы додада менің жеңіске жетуім ең алдымен ата-анамның қолдауы және маған қолдау білдіріп, сайысқа дайындаған ұстаздарымның арқасы. Білім гранттарына ие болуым да қатты қуантты. 12-сынып оқушысы болғандықтан, бұл мен үшін қашанда маңызды. Сондықтан мектебіме, ұстаздарыма алғысым шексіз, – деп, Жандос қуанышымен бөлісті.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған білім бәйгесінде NIS оқушылары 4 алтын, 3 күміс және 6 қола медальға қол жеткізді. Айта кетерлігі, Президенттік олимпиаданың нәтижесі бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий