Қостанайлық оқушылар Республикалық олимпиададан 2 қола медальге ие болды

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша IV Президенттік олимпиада өтті, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасның баспасөз қызметі.

Республиканың барлық мектептерінен 175 оқушы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысып, 2 іріктеу кезеңінен өтті. Екі күн бойы оқушылар 4 пән бойынша тапсырмаларды шешті: 1-ші күні – математика және химия, 2-ші күні – физика және биология. Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қостанай, Рудный қалалары және Б.Майлин ауданынан 7 қостанайлық оқушы өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша облыс оқушылары 2 қола медальге ие болды: Артем Перепеляков (Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі) және Лаура Бабаева (Қостанай қаласының Горький атындағы гимназиясы). Ал Альмира Оразбекова («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты) «Жеңіске деген жігері үшін» грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар олимпиада жүлдегерлеріне еліміздің жоғары оқу орындарына грантта оқуға сертификаттар табысталды.

Артем Перепеляков үш жоғары оқу орнының, атап өтер болсақ, Рудный индустриалдық институты, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің бірін таңдай алады, ал Лаура Бабаева – бес жоғары оқу орнының: С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Рудный индустриалдық институты, С.Жұбанов Ақтөбе өңірлік университетінің бірін таңдай алады. Олимпиадаға қатысушы Лейла Бабаева Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында оқуға сертификат алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий