Республикалық кәсіби шеберлік байқауы: ақмолалық педагогтер үздіктер қатарында

Ақмолалық педагогтер Семей, Тараз қалаларында өткен түрлі салалар бойынша кәсіби шеберлік байқауына қатысты. Қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби іскерліктер мен дағдыларды, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы қаншалықты меңгергенін көрсетті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқау мәдениет және өнер саласы бойынша педагогтердің шығармашылық жетістіктерін анықтау, техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды әрі шығармашыл педагогтерін қолдау мақсатын көздеді. Тартысты байқаудың қорытындысы бойынша Ақмола облысының педагогтері алғашқылардың қатарынан көрінді.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Гүлмира Ордабаева Тараз қаласында өткен «Мәдениет және өнер» байқауында 1-орын алды. Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Александр Савосин Семей қаласында өткен «Инженерлік сала» бағыты бойынша байқауда «Графикалық дизайндағы үздік сызба» номинациясына ие болды.

Біржан сал атындағы музыкалық колледждің оқытушысы Саят Бабаев «Домбыра» құзыреттілігі бойынша 1-орынға ие болды. Дәл осы колледждің оқытушысы Валерия Болиева «Академиялық ән салу» құзыреттілігі бойынша 2-орын алды. Сондай-ақ осы білім ордасының оқытушысы Эльмира Төлеубаева «домбырамен халық әні»құзыреттілігі бойынша 2-орынды иеленді.

Жоғары техникалық колледждің өндірістік оқыту шебері Арман Блялов өндіріс «Көлік және байланыс» саласы бойынша 1-орынды жеңіп алды. Ал Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы Темірлан Сәрсенбаев Тараз қаласында ветеринарлық пәндер оқытушыларының байқауында 14 орынның ішінен 7-ші орынды иеленді. Басқа әріптестерімізге де осындай табыстар тілей отырып, жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий