ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицерлері Дулати университетінде

Дулати университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасы мен «Педагогикалық психология» кафедрасы бірігіп «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 15 шекара офицерлер құрамына «Шекара қызметкерлерінің тұлғалық өсу және кәсіби қалыптасуына психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді, – деп хабарлайды Дулати университетінің медиа-қызметі.

Семинар-тренингті «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Мамырханова Жамиля Темиргалиевна сөз алып, ашып берді. Алғашқы күні «Әлеуметтік психология» кафедрасының оқытушылары Ш.Т. Тұрдалиева, А.Т. Абдрахманова, Р.Т. Байбосынова, «Мен және формула», «Суицид және оны алдын алу жолдары», «Менің үстелімнің портреті», «Бес құндылық», «Конфликтіні басқару – психологиялық саулық» тақырыптарында тренинг, презентация, топтық терапия, диагностика жүргізді.

Семинар-тренингтің екінші күні «Педагогикалық психология» кафедрасының оқытушылары К.Б. Сматова, Б.У. Есентаева, Ш.Б. Буйембаева, Г.У. Оралымбетова «Тұлға дамуының психологиялық аспектілері», «Тұлға белсенділігін жетілдірудің тәсілдері», «Тұлға құрылымын зерттеу», «Тұлғалық дамуда арттерапияның элементтерін қолдану» тақырыптарында брифинг-презентация, психологиялық тимбилдинг, өзіндік психодиагностика (Рокич тесті, интерпретация), арттерапиялық практикум жүргізді.

Тренинг барысында офицерлер өз пікірлерін, ойлары мен ұсыныстарын айтты. Семинар-тренингті М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры» Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы қорытындылап, қатысушыларды сертификаттар және Алғыс хаттармен марапаттады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий