PowerBots: WRO-2021-дегі NIS пен Қазақстан жетістігі

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушылары Әмина Рахымбергенова, Алдияр Пазилов, Дәулет Мұханов Қазақстанды дүниежүзілік робототехника олимпиадасына қосты, – деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі

WRO-2021 турнирінде мықты қатысушылармен бәсекеге түскен Әмина, Алдияр және Дәулет ұлттық құраманың жүлде қорын қола медальмен толықтырды. Олар олимпиадада ел намысын ересек шығармашылық санатта қорғады.

Бүкіләлемдік роботтар олимпиадасының онлайн-стартына 65 елден 200-ден астам команда шықты. Барлық шығармашылық жобалар қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің бірі – PowerBots – энергетика болашағы, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздеріне арналды.

Бірнеше жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептері Дүниежүзілік робототехника олимпиадасына тәуелсіз ойыншылар ретінде ғана емес, сонымен қатар WRO ұлттық үйлестірушілері ретінде қатысып келеді. Сондықтан да Қазақстан туын желбіреткен тағы екі команданың керемет жетістікке жеткені туралы қуанышты хабар NIS-ке бірінші болып жетті.

WRO-ға кіші шығармашылық санатта қатысқан Алматыдағы Халықаралық робототехника академиясының атынан келген Даужан Бекетов пен Кирилл Островский алтынға ие болды! Алматылық «Ақ-Ниет» жеке меншік бастауыш мектебінің оқушылары Кристина Киселева, Марк Бирюков және Петр Морозов 2-орынды жеңіп алып, олимпиаданың тұғырнамасына «көтерілді».

World Robot Olympiad (WRO) – Дүниежүзілік робот олимпиадасы – 10-19 жас аралығындағы 6-11-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылатын жарыс. Жас робототехниктердің фестивалі биыл он жетінші рет өтіп отыр. Келесі жылы WRO Германияда өтеді деп жоспарлануда. Қазақстандық жас жеткіншектер биылғы жетістіктерін дәстүрлі форматта қайталауға дайын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий