Психологиялық қолдауға бағытталған жоба

Отбасын қолдау «Жанұя» қоғамдық қоры Алматы әкімшілігінің қолдауымен үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап, «Агрессорлармен жұмыс жасау орталығы» атты Алматы қаласының тұрғындарына психологиялық көмек көрсету жұмысын бастады.

Орталықта Алматы қаласының кез келген тұрғыны, яғни балалар, жасөспірімдер, әйелдер мен ер адамдар өзінің агрессиясымен немесе отбасындағы жақынының агрессиясынан зардап шеккен адамдар психологиялық және құқықтық көмек, қолдау алуға келіп, проблемаларын шешуге мүмкіндік ала алды. Сонымен қатар орталықта психологиялық қолдау көрсетуге арналған жедел желі тұрғындарға тәулік бойы тегін көмек көрсетіп отырады.

Жұмыс барысында агрессивті мінез-құлықтың ер адамдарда ғана емес, сонымен қатар әйел адамдар мен жасөспірімдердің арасында да көп екенін байқадық. Сондықтан орталыққа жасы мен жынысына, мамандығына қарамастан агрессивті мінез-құлықтан зардап шеккен түрлі жастағы балалар, жасөспірімдер, әйелдер мен ерлер келіп, психологиялық қолдау ала алды.

Осы уақыт ішінде 300-ден аса тұрғындар жеке психологиялық көмек алумен қатар топтық психологиялық жұмыстан өтті. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде орталықтан қолдау алған тұрғындардың жақсы пікірлерін естіп, алғыстарына бөлендік. Агрессорлармен жұмыс қарқынды әрі күрделі болғанына қарамастан, бұл жоба нәтижелі болды.

Отбасын қолдау «Жанұя» қоғамдық қоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий